Ойын-сауық порталы

ӘЛІМҰЛЫ
Әлімұлын алты ата әлім дейді. Олар:

шекті;
шөмекей;
төртқара;
кете;
қаракесек;
қарасақал.

Әлімұлы рулары қыста Жем мен Каспийдің арасында, Арал теңізінің солтүстік-батысына дейін, Борсық құмдары, Қарақұм, Қуаңдария мен Жаңадарияның аралығын қыстаған. Жазда Ақсақал көлінен солтүстікке қарай Торғай, Тобыл, Ырғыз, Ор, Елек, Қобда, Жем, Ойыл өзендерінің бойында, Мұғалжар тауларында көшіп жүрген.
Әлімұлы– Кіші жүз құрамындағы тайпа. Таңбасы – алшын таңбасының қосарласқан түрі. Ел ішінде Алты әлім аталады. Жаманақ, Қарамашақ, Айны, Ұланақ, Тегінболат, Тойқожа болып тарайды.

Әлімұлы – Қазақ халқын құраған тайпалардың бірі. Шежіре бойынша Кіші жүз құрамына енеді. Қаракесек деп те аталады. Әлімұлының алты тармағы болғанына орай ел ішінде «Алты Әлім» деп те атайды. Белгілі ақын Көлдейбекұлы Ерімбет (1850 – 1911) шежіресінде Әлімұлына Жаманақ (Шекті), Қарамашақ (Төртқара), Айнық (Қарасақал), Ұланақ (Қаракесек), Тегінболат (Қарасақал), Тойқожаны (Ақ кете) жатқызады. Мұны тарихшылар С.Толыбеков, Х.Маданов, зерттеуші қаласыСалғараұлы, шежіреші Ө.Ахметов те қостайды. Әлімұлының тармағы алтау болғанымен енші алып, ұранға шыққаны – төртеу. Олар: Жаманақ, Ұланақ, Қарамашақ, Айнық. Әлімұлының сан жағынан көбі – Шекті мен Төртқара. Әлімұлының үлкені болып есептелетін шектіні Ә.Қоңыратбаев, О.Смирнова секілді ғалымдар Бұлғар қыпшақтарымен байланыстырады. «Диуани лұғат ит-түрк» шығармасында Шу өз-нің бойындағы чекл тайпасы аталады. Ал Әлімұлы бірлестігіне жатқызылатын шөмекей, қаракесек, кетелердің Батыс Түрік қағандығының құрамында болғаны белгілі. Осындай жорамалдардың бәрі Әлімұлы тайпасының тарихын тереңге сілтейді. Әлімұлы Ырғыз өзенінің бойынан Қаратауға дейін көшіп барып, Сырдарияның төменгі ағысындағы Қуаңдария, Жаңадария, Қарақұмдық салаларын, Құлақшы, Барбы-Қайрақты көлдерінің төңірегін жаз жайлап, қыс қыстаған. Әлімұлы бірлестігіне кірген рулардың кейбір бөліктері Каспий теңізінің солтүстік алқабын, Жем, Темір, Сағыз, Ойыл, Қобда, Жайық өзендеріне дейін жайлап, Арал теңізінің атырабын, Мұғаджар тауының бөктерін, Сырдарияның төм. ағысындағы өлкелерді қыстаған. 1730 – 43 жылға дейін Әлімұлы тайпасының білікті адамдары тәуелсіздікті қолдан бермейміз деп Әбілқайыр ханға қарсы болған. Бақтыбай батыр мен Сырлыбай би де көпке дейін келісімін бермей жүрсе де, ел іргесінің сөгілмеуін көздеп халыққа басу айтып, хан ұсынысын қолдауға көндірген. 1815 ж. Қоқан ханы Мұхамед-Рақым Әлімұлы тайпасын қол астына қаратпақ болды. Екінші жағынан Ресей мен Хиуа қысты. Үш жақты езгіге шыдамаған Әлімұлы тәуелсіздік күресін бастады. Бұл Жанқожа батыр бастаған көтеріліске ұласты. Әлімұлы тайпасынан Жалаңтөс баһадүр мен Әйтеке биден бастап алты алашқа белгілі Шекті Мөңке би, Есет, Көтібар, Әулие Құлбатыр, Сартай батыр, Жетес би, Ұранға шыққан Бақтыбай, Жылқыаман Отыншыұлы, Құлбарақ, Жанғожа, Ақтан, Алтай, Арал батырлар, қарасақал Ерімбет ақын, Нұртуған жырау, Жетес шешен, Әжібай, Сопақ, Мырзағұл, т.б. билер шыққан.

алимулы, киши жуз, үйсін, уйсин, ұлы жүз, улы жуз, уйсиндер, он сегізінші ғасыр, он сегизинши гасыр, он тогызыншы гасыр, оң тоғызыншы ғасыр, орта жуз, орта жүз, ру, тайпа, шежире, шежире туралы, шежіре, дәстүр, дастур, текст,сөзі,сөздері,создери
0 0 дауыс
Жазба рейтингі
Достарына жібер:
Жазылу
Хабар беру
guest
1 Пікір
ескі
жаңа көп дауыс жинағандар
Inline Feedbacks
View all comments
87750690382
87750690382
16 күн бұрын

Сыбаны толтыру қажет