Ойын-сауық порталы

Аманбай қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре бойынша, Орта жүздегі Қоңырат тайпасынан таратылады. Көтеншінің ұрпағы, Қарақұдайбердінің екінші баласы. Қарақұдайбердінің қарындасы Қанымкүл көп уақыт бала көтермей, інісі А-ды бауырына салады. А-дың Қожамберді атты ұлы болған. Қожамберді есейген соң туыстарын іздеп шыққанда атына құйысқан салмай мінеді. Соған орай ел оны құйысқансыз деп атап кетеді. Бұл аңыз 19 ғ. зерттеушісі Сайдаққожа Жүсіпұлының бір кезде найман хандығы құрамында болған құрықандардың көптеген түрік тайпаларына сіңіп кеткені туралы дерегіне жақын келеді. Аумалы-төкпелі кезеңдерде құрықандар құйысқансыз деген атпен қазақтың Қоңыраттан басқа да Қаңлы, Найман, Жағалбайлы руларының құрамына сіңген. Құйысқансыздардан тарайтын: Арыстан, Дүрет, Тоқтыбай, Кеурек, Бидалы, Қызтуған аталарын Алты ата Аманбай деп атайды.

абак керей, улы жуз, он сегизинши гасыр, он тогызыншы гасыр, орта жуз, шежире, шежире туралы, киши жуз, дастур, текст создери
0 0 дауыс
Жазба рейтингі
Достарына жібер:
Жазылу
Хабар беру
guest
0 Пікір
Inline Feedbacks
View all comments