Салеметсiздер ме?! Менде өз өмiрiмнен үзiндi айта кетейiн…
Мен бiр жiгiттi қатты жақсы көрдiм. Бiрақ екеуiмiз үнемi ұрысып қалатынбыз. Ақыры соңында қоштастық, мен болсам оны қатты жақсы көретiнмiн. Бiрақ оған еш уақытты, “тастап кетпе”-деп жалынған жоқпын. Себебi қанша сүйсем де, намысым жiбермейтiн. Жолымыз бөлiнiп, екеуiмiз ақыры екi жаққа кеттiк… Артымнан келген жоқ, мен де барған жоқпын… Тек Құдайға iштей ғана жалынып, тезiрек ұмытып кетсем екен, өзiме лайық басқа жан кездессе екен деп жүр едiм. Арада 3 ай өткеннен кейiн менiң тiлегiмдi Аллам қабыл алып, өз ойымдағы ханзадамды жолықтырдым десем, қателеспейтiн шығармын.
Ал қазiр сол жанмен бақыттымын. Сөйлесiп жүргенiмiзге 3 жылдың шамасы болып қалды. Жақында “Отан алдындағы қасиеттi борышын өтеп, әскерге барып келдi. Ал, мен оған әскерге кетiп баратқан да, берген уәдемдi орындап күттiм. Күту де әрине оңай болған жоқ, бiрақ сенiмнiң арқасын да, бәрi өттi де кеттi. Ал, қазiр мен Бақыттымын! Өмiрiм тамаша! Сол жанды жолықтырған тағдырыма ризамын! Аллаға шүкiр.
Бәрiңiзде өмiрден өз жартыларыңды тауып, бақытты болыңыздар!!!
Подписаться
0 Комментарии
Старые