Ақбан – Адай тайпасының Келімберді руынан тараған бір атасы (Кіші жүз).
Ұраны – “Бекет”. Ата қонысы- Маңқыстау түбегінде. Ақбанның біразы Түркменстанда, Қарақалпақстанда тұрады.
Төртқара руының Оразынан тараған бір оғы (Кіші жүз).
Ата мекені -Сыр бойы. Ақбаннан Жалаңтөс, Сейітқұл сияқты батырлар шыққан. Ақбан ұрпағы қазір негізінен Қызылорда облысының Қазалы ауданын мекендейді.
Әлімұлы бірлестігіне енетін Жанқылыш руының бір атасы (Кіші жүз). Бұрынғы мекені – Темір уезі, Қошқарата болысы. Қазір негізінен Ақтөбе облысының Шалқар, Жұрын, Атырау облысының Ембі ауданынды, біразы Қарақалпақстанда тұрады.
Кіші жүз құрамындағы Жетіру бірлестігіне кіретін тайпаның бір атасы.