Ойын-сауық порталы

Ақсұқсыр

Ақсұқсыр (Ақсұлу) Жеменей келіні (т.-ө. ж. б.) 1697 ж. жаугершілікте қазақ әскерінің қолына түскен қалмақ ханы Аюкенің қызы, Жоңғар ханы абтанның қалыңдығы. Қазақ ханына тарту етілмек асылдардың бірі болып тұрған жерде адай руының көсемі Жомарт ханнан қалап алған. Ақсұқсыр – Жомарттың үшінші әйелі болады. Жомарт қайтыс болған соң Ақсұқсыр оның інісі, атақты аңшы Алдасайға атастырылады. Бір күні аңнан оралса ұйқыдағы әйелінің сұлулығына елтіген Алдасай балтырың әппақ екен ғой дегенде Ақсұқсыр назданып: бұл балтырға талайлар қызыққан деп қалады. Осы сөзі үшін Алдасай Ақсұқсырды талақ етеді. Бұдан кейін Ақсұқсыр қайынағасы Шылымға атастырылады. Ақсұқсыр Жомарттан бір ұл (Қожағұл), Алдасайдан бір ұл (Зерең), Шылымнан үш ұл (Ақбота, Көшке, Өрдек) туады. Өрдектен бес бала Олжашы, Мамыр, Бөкен, Есен, Кенже. Бұлар қазір жеменей тайпасының негізгі бөлімдерін құрайды.

аксуксыр, улы жуз, он сегизинши гасыр, он тогызыншы гасыр, орта жуз, шежире, шежире туралы, киши жуз, дастур, текст создери
0 0 дауыс
Жазба рейтингі
Достарына жібер:
Жазылу
Хабар беру
guest
0 Пікір
Inline Feedbacks
View all comments