Ойын-сауық порталы

АСАБА СӨЗІ

Кезекпен сөз де тиеді,

Сөз тимей қалар демеңдер.

Айтылса тілек жүйелі,

Қалғыған қауым елеңдер.

Қолданғын мақал -мәтелді,

Танылсын әдеп-тектілік.

Сөздерің шығып әсерлі,

Жүрекке жатсын дөп тиіп.

Ойлы сөз керек жарандар,

Әзіл де қажет қайшықты.

Өнеге қылсын адамдар

Деп мынау былай айтыпты.

Күлдіріп сөйле, тап бабын,

Сөзіңде терең мән жатсын.

Сананың кезіп соқпағын,

Ұлағат болып жалғассын.

Жандырып сөйле керемет,

Сөнер ме тілек, тағылымы?

Өрелі ойға жетелеп,

Жетекші болсын әр күні.

Мақал мен мәтел ой-көмбе,

Тілекпен гүлде той деген.

Асықпа бұрын сөйлеуге,

Ұтады кейін сөйлеген.

соз, сөз, тилек, тілек, куда, кұда, наз, жас жұбайлар, жас жубайлар, той, бастау, асаба, тамада, туған күн, туган кун, той, текст,сөзі,сөздері,создери
1.5 2 дауыс
Жазба рейтингі
Достарына жібер:
Жазылу
Хабар беру
guest
0 Пікір
Inline Feedbacks
View all comments