...

Атығай

Атығай қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре бойынша, Орта жүздегі Арғын тайпасынан таратылады. Он екі Дәуіт ата Атығай, Атығай-Қарауыл деп те аталады. Ақтабан Шұбырындыда Сыр бойынан ығысып, Көкшетау, Қызылжар, Омбы өңіріне келіп орын тепкен. Қызылжар (Петропавл) бекінісі салынған (1755) жерде бұрын Атығай руынан Дәулеткелді байдың ауылы отырған. Ш. Уәлиханов Абылай ханның тұтқын қырғыздарды Атығайдың арасына қоныстандырған соң олар Атығайға Байқырғыз, Жаңақырғыз, Сару, Құсшы қырғыз атасы болып сіңісіп кеткенін жазады. Шежіре деректері бойынша Атығайдан: Құдайберді, Бәйімбет, Бағыс, Баба, Ақкиік, Қойлы, Құлансу, Бабасан, Қадір, Елтоқ, Сары, Есентаңырық, Сүйіндікқара аталары тарайды. Атығай руының тарихи тұлғалары: Шал Құлекеұлы, Арыстанбай ақын, Мағжан Жұмабаев, Зілқара, Жақып Омаров, Еркін Әуелбеков, Мұрат Айтқожин, Жәпек батыр, ұлеке батыр, Андықожа батыр, Есмағамбет Ысмайыов, Жандос, Аллақұшақ, Аңғал, Тезекбай ақын, т.б.

атыгай, улы жуз, ,, орта жуз, шежире, шежире туралы, киши жуз, дастур, текст создери
0 0 голоса
Рейтинг поста
Поделиться:
Подписаться
Уведомить о
guest
0 Комментарии
Старые
Новые Популярные
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии
Прокрутить вверх