Қоңырыммен ән бастадым бір өзім
Көктем тұрақ еткендей ақ нұр жүзің
Кезіктірдім қоңырау кеш қоңырда
Қоңыр күзде қоңыраттың бір қызың
Кетем кетем деп алдайсың
Жетем жетем деп қалмайсың
Сүйем десемде нанбайсың
Ей қоңырат қыз қандайсың
Қоңыр шашы желкілдетіп ерітіп
Қоңыр көзі елжіретіп елітіп
Өзгешелей өң бергендей қоңыр көз
Жан дүниемді кетті самғап желітіп
Қоңыр даусы сылдырындай бұлақтың
Қиялымның қабырғасын құлаттың
Қоңыраттың қызын көрген сол сәтте
Аяқ асты қоңыр түсті ұнаттым