Бабаңды көру – баға жетпес сәттілік, бабаң сөйлеп тұрса – баға жетпес қазынаға тап болу.
Бағбандық қызмет атқару – баға жетпес қазыналықты игеру;
Бадам жеу – табыс, алу – береке, лақтыру – мақсат орындалады;
Базар – түсіңізде базарда саудаласып жүрсеңіз мол дүниеге қол жеткізгеніңізбен, қолыңыздағыдан айырыласыз;
Базарда жаңа бас киім сатып алсаңыз – сіз адал жансыз. Күн көріс молынан жететін дәрежеге жетесіз.
Базарлықты үлестіріп тұру – көп сыйлассаң борышың көбейер, көп қиналсаң өрісің кеңейер деген бар;
Бозаналық жоласа – сізді кемсітуі, өкінбеңіз сіздің бағытыңыз дұрыс;
Байғазыға қамшы беру – әділ істің арты – олжа.
Байлау – түсіңізде ақ боз ат мамай ағашқа байласаңыз – атақ даңқ, байлығыңыз артады. Түсіңізде сізді байлап қойса – ауырып қаласыз.
Байрақ (ту) – түсіңізде үйіңіздің төбесінде байрақ желбіреп тұрса – дәулетіңіз күн сайын арта бермек;
Бақта серуендеп жүру – қуаттылық;
Бақ гүлдеп тұрса мерейің үстем болады, суару – ырыс-береке;
Бақа жамырап тарап жүрсе – құт;
Бақсыға бал аштыру – өзіңнен басқаға сенбе;
Бақсы – түсіңізде бақсы емдеп жатса – орындалмайтын арман;
Бақырауық шыңғырса – біреу сенің затыңды жымқырады, абай бол;
Бақтың саясында жүру – игілік;
Бақтан алма жинап жүру – сенімділік, батылдық;
Бақшаңызды қалың арам шөп басып кеткенін көрсеңіз – жақындарыңыз сіздің аяқ алысыңызды аңдуда, өкіндірмек;
Бал – зиянкестен құтыласыз, мол табысқа жетесіз;
Бала – сүю-тыныштық; ойнаса – сәттілік, шешесімен бақытты болу, ұру – жеңіске жету , өлсе – қуанышты хабар;
Бала емізу – болған кісі болдым демес, байсалды болыңыз;
Балаларды ойнату – жетістік;
Балгер сәлемдессе – көз салма біреудің бермесіне;
Балкон – егерде балконда қорқып тұрсаңыз, сіз қуанышқа кенелесіз. Түсіңізде балконнан кіріп жатсаңыз тілегіңіздің орындалғаны;
Балта – егер түсіңізде балтаны аспанға қарай лақтырсаңыз – мұндай түс көргеннің басына қайғының келгені.
Балта – шабу – келіспеушілік; жұмыс – табыс; жоғалту – қуаныш; сабы сынса – садақа бер;
Балшық – түсіңізде аяғыңызбен балшық илеп жатсаңыз – сізді біреулер орынсыз жазғырады, жақсы істерге басшы боласыз, молшылық.
Балшықпен бір затты істеу – тастап кеткен ісін жандандыру;
Балық аулау – байлыққа тап болмақ, балықтың екеуін көру – жарыңызды алдап жүрсіз, байқаңыз;
Бамбук – жеңгетайлықтан сақтаныңыз;
Банан – сақ болуды ұмытпаңыз;
Барабан алып жүру – намыссыз, арсыз шабармансыз;
Баржада жүзу – байлық;
Бармақ бүгу – игілікті істі игеру;
Барокамерада жату – мамандықты қайта өзгерту;
Барымта жасау – арамзалық;
Бархыт – түсіңізде бархыттан тігілген киім кисеңіз – даңқыңыз артып, ісіңіз сәтті болады;
Бас – үлкен – сәттілік; бөлінсе, кесілсе – құрмет, қалың шаш – үлкен құрмет, байлық; кішірейсе – тұғырдан таю; жуу – еңбек, табыс; шаш алынса – сәтсіздік; шаш ұзарса – байлыққа жету, өмірдің ұзаруы, басқалардың күйзелуі; таз – ақымақтық; шаш түсуі – қарыздан құтылуы, қуанышпен байлыққа жету; ақ шашты – бұл түс сіздің жақын арада үлкен, жоғарғы лауазымды кісілермен кездесетініңді хабардар етуде.
Баспалдақтан төмен түсу – жайсыздық;
Баспалдақ – егерде баспалдақпен түсіңізде жоғары шығып бара жатсаңыз – қызметіңіз өседі;
Бастығыңмен дастархандас болу – бір бәлеге ұрыну;
Басыңа қонған бүркітті көру – бақыт, қуаныш;
Басшыға қарсы сөйлеу – әурешілік, ұрыс – керіс, қызметтен кетесіз;
Бата алу – игіліктің ерте кеші жоқ;
Бата беру – жаманға жалынба, адамға табынба;
Батбақ сасық болса – ақша;
Бұлақ – түсіңізде бұлақ суынан өз сәулеңізді көрсеңіз – сәттілік;
Бұлақ бастауынан су – мақсаттың орындалғаны;
Бәйтеректі көлеңкелеу – беделдің артуы;
Бейітте от жақсаңыз – жақын адам өледі;
Бейіттегі жазуларды оқу – көп жақсы достарға кездесу;
Бекет – мақсатқа жету. Беймазалықтан азат болу;
Бекіре (балық) – табыс, отбасыңызға перзент келеді;
Бел ағашпен су тасысаңыз – аброй, даңқ, береке, ырыс, несібе мол болады;
Белдік – қатты тартылса – мақсаттың орындалуы; шұрық тесік – есепсіз байлық; бос – істің іркілуі; тастасаңыз – көп қиыншылықтан құтыласыз.
Белдік – егерде түсіңізде шүберектен белдік жасап, беліңізге байласаңыз – өлім.
Белдігіңіз қымбат тастармен безендірілсе – жақын арада үйлену тойына куә боласыз;
Белшеден батып суда тұру – дұшпан бетін қайтаратын сәті келді;
Бес атар ұстау – ұл туылады;
Бесік көрсең – дүниеге сәби келеді;
Бесікті жырмен тербету – ісің ақ, құдайың жақ болады;
Бесікте перзентің тербеліп жатса – берсең аларсың, ексең орарсың;
Бет – орташа, әдемі бет – сізге өмір сыйын тартады, қуаныш. Бетті бір қырынан көру әке-шешеңізді ренжіткеніңіз.
Бешпент – істің сәтті орамы келген кезі;
Бидай – асыл мұра, байлық;
Бие сауу – берместен аласың ақыңды;
Болат (темір) – байлық
Боран – жауыздықтан азат болу;
Борсық – мазаның кетуі;
Бос шелекті төңкеріп қою – өкініштен құтылу;
Бота – қуану;
Ботқа – түсіңізде ботқа қайнатып тұрсаңыз – өсекке қаласыз;
Бөбек – сау саламат болып, дәулетің тасып, байлық қонады деген сөз;
Бөкен – базарлық берсең сауға, ісіңде көтерілесіз;
Бөле – ләззатқа кенелу;
Бөлке нан – күтпеген тосын сыиға тап болу;
Бөрене – оңай олжа;
Бөрі – садақа беріңіңз, қиыншылыққа ұшырап барып қуанасың;
Бөстек – мақтаншақтық;
Бөшке – күтпеген қиыншылық; тесік – шығын, толық – байлық; көп – өзге ортада сыйлысыз;
Бура (түйе) – дінге ұрыну;
Бұғы – маңызды іске басшылық жасау;
Бұзау – пайдалы табысқа кезігу;
Бұлан – табыс, мейман келеді;
Бұлбұл – тойға қатысу;
Бұлт – хабар, ұтыс; қара – уайым;
Бұлттар көшсе – адалдығыңызды шек жоқ екен;
Бұлттан күн шықса – өлгенің тірілгендей қуанасыз;
Бұлаққа шомылу – жақсылық;
Бұршақ (горох) – ұтыс;
Бұрым – сапарға шығу;
Бүйе (тарантүл) – арсыздықтан өкіну;
Бүкір – түсіңізде бүкір адамды көрсеңіз – ұтыс деп біліңіз. Егерде бүкір жігіт сізге жол сілтеп тұрса – қуаныш, өз кәсібіңіз алға жылжиды;
Бүлдірген теру – өмірде сәттілік көбейер;
Бүрге – уайымның белгісі;
Бүркіт ұшып жүрсе – маңғаздану;
Бүрмелі көйлек – табыс;
Білезік – егерде қолыңыздағы білезік әдемілігімен күнде шағылысып тұрса – барлық кедергіні жақсылықпен жеңесіз;