Әбдіре ( сандық) — байлық;
Әбігерге түсу — өкінішті күндердің артта қалуы; біреуді әбігерге түсіру еңбегіңіздің жанғаны;
Әдеби мұраға иеләк ету — болашақта үлкен ғалым болу;
Әдемі гүл шоғы — ісіңізде кедергілерден құтылу, табыс;
Әдеміше келген кісімен танысу — жаңа жұмыс көзін ашасыз;
Әже — бұл түс сіздің қиыншылықты жеңгеніңізді паш етеді; Арық ұзын әже — жақын арада жақсы кісілермен танысасыз. Бойы кішкентай әже — барлық істе есеп беруіңізді қалайды;
Әжеңді көрсең — бір нәрседе жолыңыз болады;
Әжетханада дәрет сындырып отырғанды көру — алтын мен ақшаның белгісі;
Әжетханаға оң аяғыңызбен кірсеңіз — пайдалы іс дегеніңіз алдайды;
Әжіміңізге өкінсеңіз — өткен ғұмырыңызға ырзашылық;
Әздекпен (жылауықпен) жүрсеңіз — бақытқа бөлену;
Әзірейілді көрсеңіз — ғұмырыңыз ұзақ болады;
Әйнекші терезеге шыны салып жатса — тез арада мақсатыңыз орындалады;
Әйел адамның басы ашық жүрсе — бойына қарай — қарай көзің талған ба ?
Әйел кісіні арқасынан көру — ақша жоғалтып өкіну;
Әйеліңізбен ажырассаңыз — ауыр бейнеттен құтылу;
Әйнектің сынғаны — аттыға еріп, жаяудың бұты айрылыпты деген мағына;
Әйел — түсіңізде әйеліңіз өліп қалса, сіз жақын арада көптеген кездеспеген қыз жолдастарыңызбен кездесесіз, сырласасыз;
Әйеліңіз тәнін көрсететін жұқа көйлек кисе — өсекке қалу;
Әйел — ісіңізге береке, жүкті — қуаныш, сұлу — мол ақша табу, баламен — жанұя бақытты, әдемі — барлық ісіңіз жүреді, қуанасыз;
Әке — қуаныш
Әке — сөйлесе тез арада бақытқа кезігесіз;
Әке — түсіңізге өкініп кірсе — сіз ұнамды аяулы құшаққа зәрусіз. Ал түсіңізде әкеңіз сөйлемей теріс айналса — сіздің барлық ісіңізге реніш білдіргені;
Әкеңіз толы шелекпен су алып, үйге келсе — еңбегіңіз жанып, бақыт құшағына кенелесіз, байлық;
Әкеңіздің үстінде үлкен тон, белін буып тұрса — қажырлы еңбек ете беріңіз. Еңбегіңіздің жанғаны;
Әкіммен бірге жүру — берекелі өмір, қол алыссаңыз — сәттілік, құшақтасаң — жаңа қызыметке ауысасың;
Әнші кісімен амандассаңыз — тастаған шоқпар сорлыға тиеді;
Әнші — түсіңізде әнші ән айтып тұрып жоғалып кетсе, бұл түс алдағы келе жатқан бей-берекет мезгіл хабаршысы. Әнші өлең айтып тұрып, жыласа — сіз жақын, туыс қызды ренжіткенсіз, тезірек кешірім сұраңыз.
Әнші әйел — шығын; ән айтса — сізде көңілсіздік;
Әріп көрсеңіз — ұтыс;
Әскери киімдегі кексе кісіні көрсеңіз — бұл сіздің өткендегі істеріңіздің дәлелденгендігі;
Әсем қалаға тап болсаңыз — жақсылық;
Әскер көрсеңіз — жеңіс, әкери ант қабылдау — өкінбейсіз;
Әтір — «жолы болар жігіттің, жеңгесі шығар алдынан». Әрекетте берекет бар.
Әткеншек тебу — бақытыңның бал қаймағы бес елі;
Әулие қарттар батасын берсе — «бақ келді деп тасыма, жау келсе де саспа»;
Әуедегі ұшақты көру — «адамның күні адаммен» деген бар, ескерерсіз;
Әуітте балық жүрсе — алыс сапардан табысты ораласыз;
Әшекейлі үйге кіру — береке, шығу — ұтылыс, сырттай көру — күтпеген жерден көмек келеді;

