Абайламай біреуді қағып кетсеңіз — шығын болғалы тұр;
Абақтыға қамалу — ісіңізде сәттілікке тап боласыз;
Абжылан — қасиеттің қонуы; айбат шегіп тұрса — сізді жаманшылықтан сақтандыруы; беліңізге оралып қалса -тылсым сырдың қасиетін білетін кісі боласыз;
Ағаш аяқ енсе — сіздің достарға деген сеніміңіздің жоқтығын айғақтайды. Ақсақал таяқты беріп тұрса — игіліктің ерте-кеші жоқ;
Ағаш — табыс, кесіндісі -мұра;
Ағаш басында сарнап отырған қара торғайды көру — дәулет;
Ағашты тақтай етіп тілгенін көрсе — өлім хабары;
Ағаш жару — өсектен азат болу;
Адам: жас бала — қуаныш, танымайтын — дұшпан, ересек адамды жас бала кейпінде — сенімсіздік, өзіңіз танымайтын жас жігіт — біреудің өкініші, келіншек — байлық, қызықшылық, ақсақал — тоқтық, жас жігіт қартайса — көңіл көтеріледі;
Ажалдың аузында жату — жақсы бір адымды ренжіткеніңіз;
Азу тістеріңді құрт жесе — қиындық;
Айбат шегіп тұрған арыстанға тап келу — сәтсіздік;
Ай мүйізді ешкі көрсең — есіктен кіріп, төр менікі деме;
Ай — ұлы, қызы бар кісі, құдалыққа барысар;
Айды бұлт жапса — өлім туралы хабар;
Ақ атқа мінгенін көрсе — үйіріне тап болмақ абыройдың, байлықтың;
Аққу — сыйлық, байлық, мұра; өлсе — сәттілік;
Ақ киімді ақ сақалды көрсе — аброй беделге кенелмек;
Акула — түсіңізде акулаға тап болып, қорқып судан қашып шықсаңыз, қыздармен құмар басып қуанасыз;
Ара — ұтыс;
Ара шақса — өтті-кетті қызықты күн;
Арыстанның өліп жатқанын көрсеңіз — асылмұраға тап боласыз, даңқыңыз артады;
Арап — егер түсіңізде ұлты арап адам сөйлесе — жақсы. Бұл түс барлық кедергіден, қиыншылықтан сақтап, сәттілік пен бақытқа апарады. Түсіңізде арап теріс айналып кетсе — сізге кедергі жасамақ адамдар болса, сондан құтыласыз әрі сізге сақ, айналаңызға мейірімді болуды ескертеді;
Артист — күтпеген жағдай, егер сахнада тұрсаңыз — өтіріктің ортасында қаласыз;
Артист — сахнадаойнаптұрған артистке басқабіреукедергіжасаса — отбасыңыздаүлкен дау болуымүмкін. Абайламасаңыз, ажырасуыңызғажапемес. Күтпеген, ойламағанжердегіөкініш. Түсіңізде артист масболыптұрса — сіздің істеріңіз ақшалай шығынға ұрындырады;
Артист күліпкеліп, бар дауысымен бас салса — сенімдегі достарыңыз сізді алдап жүр. Абройыңыз айрандай төгіліп, көпке мазақ болауыңыз мүмкін, сақ жүріңіз;
Арақ — құйсаң, қуаныш, тойсаң — сәтсіздік, сатсаң — ұрыс-керіс, түсіңізде арақты төгіп алсаңыз, уайымға батырар;
Арқан — егерде түсіңізде байлаулы арқанды шешіп алсаңыз, көрген-білгеніңіз бен түйгеніңізді айтып, мақтанасыз. Түсіңізде тұзақ етіп қойған жуан арқан көрсеңіз — қулық пен күнк өріп жүрсіз. Олай болмайды;
Артезиан құдығын көрсеңіз — молшылық, береке, табыс;
Археология қазба жұмыстарын жүргізсеңіз — абыройыңыз артып, сән-салтанатқа кенелесіз;
Арық — таза: жағдайыңыз жақсарады; қатты ақса қуаныш; терең: достасасыз; су алып ішсеңіз көңіліңіз тоқ; ағыс: бақытқа жолығасыз;
Арайлы таңды көре алсаңыз — істейін деп жүрген мақсатыңыз айқын, сәттілік тілейміз;
Аруақты көрсеңіз — сізге арнаулы қазына бар екенін ескертуде. Оған адамгершілік пен сабырлық арқылы ие боласыз;
Аспан — ашық: сәттілік, береке, ақшаңқай бұлт: қиыншылықты жеңу;
Аспан — түсіңізде аспанда ұшып жүрсеңіз ғұмырыңыз ұзақ болады, дәулетіңіз тасып, байлыққа кенелесіз, қуанасыз. Егерде аспаннан тесік көрсеңіз отбасыңызда ұрыс-керістің болуы мүмкін;
Аспандағы айды толық күйінде көрген адам — бір сұлуға кезігіп, махаббаты ашылмақ;
Аспандағы жарқырап тұрған жұлдызды көрсе — үлкен бақытқа кенелмек;
Ат үстінде құрық ұстап келе жатқанын көрсе — бұл да күтпеген сәттілік белгісі, малы көбейіп, тұрмысы жақсарады;
Ата — түсіңізде есігіңізді ашып, үйіңізге ақ сақалды ата кіріп тұрса, сізге бақ-дәулеттің қонғаны;
Абысын — байсалдылыққа, сөйлесе — әулетке бірлікті шақыруы, күлсе — рақымшылықты тілеу, жыласа — қажыр қайраты баяу, өкпелесе — қымсынбай әрекет етуді көрсетіп тұр .
Алма — күдіктену; жинау — жеңіс;
Алтын — көрімдік алатын болыпсың;
Алтын көрсе — асқан байлыққа тап болмақ;
Апельсин — тыныштық , қуаныш, барлық ісіңіз берекелі;
Аяқ киім — сапар; жаңа — жеңіс; ескі — байлық, мұра; жамау — сәтсіздік; таза — береке.
Аяғыңызға шұлық кисеңіз — көп ақшаға тап болмақсыз; сапарға шығасыз;
Аялдамада жалғыз тұрсаңыз — өкініш. Көпшілікпен — өз ісіне өкінбеу;
Аят оқысаңыз — Мекеге барасыз; аят оқып тұрғанды естісеңіз — діни қызметкер боласыз;

