Европалықты көру — пәле жаладан аман боласыз;
Егеуің сынса — берекесіздік;
Егін егу — молшылық қайда болса, тоқтық сонда
Егін орсаң — ақшаға малығу;
Егізді қатар көру — үміт өлмейді;
Еденде кілем төселсе — табысқа бату;
Екі басты жылан — малды жақсы баққаның, өзіңе абырой тапқаның;
Екі қабат әйел — молшылық;
Елік — елікті атып алсаң — бұрыннан таныс әйелге үйленесіз;
Емхана — әурешілік;
Ер тоқымы бар ат — қашып кеткеннен шошып кеткенің дұрыс болар, сақтық жаса, шығын;
Ерін — әдемі, толық ерін көрсеңіз — барлық ісіңіз берекелі жанұя екеніңіздің белгісі;
Есік — ашылса — жеңіс; жабық — тоқырау;
Есекке міну — тыныш өмір;
Есу — ісіңізге есеп беріңіз, әйтпесе ұятқа қаласыз;
Ет — қой — табыс, сиыр — өлім, шошқа — ауру, сасық — күтпеген дүние, пайда;
Ет асылып жатса қазанда — қазынаға кенелу;
Ет саудалау — сырқат;
Етік — табыс, ескісі — байлық, мұра;
Етік тесік болса — махаббаттағы сәтсіздік, табаны ажыраса сапар;
Ешкі — енесі байлық, семізі — тыныштық өмір;

