Жағажайда шомылу — бақыттың бастауы, жақсылық;
Жағалау қалың қамыс болса — ақша;
Жағасыз көйлек — қиыншылық;
Жағалау — сәттілік;
Жаз — діттегеніңіз орындалады, жақсылық;
Жақ сақалы қалың кісі — көп ақша;
Жақұт көру — шығыннан құтылу, реніштен ажырау, некенің белгісі;
Жалақы — жаңа шаруа;
Жалаңаяқ жүру — қарызға алғаныңды бермесең өкінесің;
Жолдағы жылан — қасиеттің қонуы мүмкін;
Жалт — жұлт еткен затты көрсең , ер сүрінбей ел танымас ат сүрінбей ат жырға болмас Жамбас мүжу — мақсат орындалады;
Жаңа етік сатып алу — аман ердің аты шығар, табыс;
Жаңбыр сіркіресе — ақталу, нөсер — сәтсіздік, күн шығып тұрса — ойлаған ісіңіз орындалады, басыңыз су болса — қуаныш махаббат;
Жаңбыр — ауық- ауық жауып тұрғанын көрсеңіз — сізді біреу қызғанады;
Жаңбырдың суы тез ағып жатса, қуанышқа кенелесіз;
Жаңғақ — қиындықпен келетін ақша, арты береке;
Жаңа үй — күтпеген жәрдем аласыз,
Жапалақ — өлім хабары;
Жапалақтап қар жауса — көп табыс белгісі;
Жапырағы жасыл қалың ағаш — сәттілік;
Жапырағы сары ағаш — қымбат тасты сақина алу;
Жапырақ — көгі сәттілік, құрғағы берекесіздік;
Жар — кедергі; құласаңыз мұратыңызға жетесіз; шығу — маңызды іс;
Жар — жар айтылса — қызғаншақсыз;
Жара — табыс, береке;
Жарқылдаған қос қанат — қос ұл дүниеге келеді;
Жем — ақша;
Жеміс — игілік;
Жер айдау — той, мереке;
Жерге қазық қағу — сарқылмайтын байлығың құтты болсын;
Жер ошаққа от жағу — қызметтің өсуі;
Жираф — түйе бойына сеніп. жылдан құр қалған, аңқау болмаңыз;
Жиһаз — жақсылыққа бет бұрыс;
Жол жүріп келе жатып, шақырым саны жазылған бағаны көрсеңіз — істегі өзгеріс, қанша сан, сонша көмек;
Жол қысқа болса — тауға қайтадан бір қонуға іңкәр болыпсың, алайда оған өжеттілік керек;
Жаңқа жинау — алдауға ұрыну;
Жоңышқа ору — жақсылық, жинау — береке, беру — молшылық;
Жотаға шығу — мақсат орындалады;
Жуыну — барлық достарыңыз көмектеседі, уайымнан құтыласыз, денсаулығыңыз жөнделіп, көңіліңіз қуанады;
Жұлдыз — жарық, бақыт; көп — шексіз бақыт; екеу — қуанышты хабар; құлау күтпеген сәттілік.
Жұмыртқа — жағдайың жақсарады;
Жұмыртқа жарып алу — шығын, көп — молшылық күту;
Жұрт — қуаныш;
Жүген — ат жүгенін қолыңызда ұстап тұрсаңыз — қуаныш. Сәттілік бақыт пен берекелікке ұласады. Ал егерде жүгенді қолдан беріп қойсаңыз — сенгеніңіңіздің кесірінен опық жейсіз. Егерде жүген үзіліп кетсе — ұтыс дұшпандарыңыздың пайдасына шешіледі;
Жүгері — жайқалып өсіп тұрған жүгеріні көрсеңіз, өзіңіз ойлаған мақсатыңызға жетесіз, байлық, береке;
Жүзік — той, алу — сенімді махаббат; жоғалту — айрылу.
Жүзік — жүзік өзіңізге жарасып тұрса — бұл түс жаңа бастайтын іске сәттілік. Ал, егер жүзік саусаққа симай тұрса — сіздің істеріңізде шалалық бар. Ал, майысқан жүзікті түсіңізде көрсеңіз — сіздің өз достарыңыздың арасында беделіңіз жоқ.
Жүзім — молшылық, сәттілік;
Жүзін айнадан көрсе — бұйырмаған бұттан кетер, шығын;
Жүк — көтеру — мақсат орындалады, жатса — күтіңіз, шыдаңыз;
Жүн — мол байлық;
Жібек ағашынан (бутовник) жеміс жинасаң — олжа;
Жібек құрты — күтпеген оңай олжа табыс;
Жібек тоқу — жаңа таныстық, жаңа табыс көзі;
Жіп — ұзын жіп — байлық;
Жіп әр жерден түйінделген болса — достық сенімнің мықтылығы;
Жіп иіргенді көрсеңіз — ерекше таныстыққа бастайды.
Жіпті үзіп алу — өсектен арылу;
Жіптің түйінін шешу — мақсатқа жету;

