Бабаңды көру — баға жетпес сәттілік, бабаң сөйлеп тұрса — баға жетпес қазынаға тап болу.
Бағбандық қызмет атқару — баға жетпес қазыналықты игеру;
Бадам жеу — табыс, алу — береке, лақтыру — мақсат орындалады;
Базар — түсіңізде базарда саудаласып жүрсеңіз мол дүниеге қол жеткізгеніңізбен, қолыңыздағыдан айырыласыз;
Базарда жаңа бас киім сатып алсаңыз — сіз адал жансыз. Күн көріс молынан жететін дәрежеге жетесіз.
Базарлықты үлестіріп тұру — көп сыйлассаң борышың көбейер, көп қиналсаң өрісің кеңейер деген бар;
Бозаналық жоласа — сізді кемсітуі, өкінбеңіз сіздің бағытыңыз дұрыс;
Байғазыға қамшы беру — әділ істің арты — олжа.
Байлау — түсіңізде ақ боз ат мамай ағашқа байласаңыз — атақ даңқ, байлығыңыз артады. Түсіңізде сізді байлап қойса — ауырып қаласыз.
Байрақ (ту) — түсіңізде үйіңіздің төбесінде байрақ желбіреп тұрса — дәулетіңіз күн сайын арта бермек;
Бақта серуендеп жүру — қуаттылық;
Бақ гүлдеп тұрса мерейің үстем болады, суару — ырыс-береке;
Бақа жамырап тарап жүрсе — құт;
Бақсыға бал аштыру — өзіңнен басқаға сенбе;
Бақсы — түсіңізде бақсы емдеп жатса — орындалмайтын арман;
Бақырауық шыңғырса — біреу сенің затыңды жымқырады, абай бол;
Бақтың саясында жүру — игілік;
Бақтан алма жинап жүру — сенімділік, батылдық;
Бақшаңызды қалың арам шөп басып кеткенін көрсеңіз — жақындарыңыз сіздің аяқ алысыңызды аңдуда, өкіндірмек;
Бал — зиянкестен құтыласыз, мол табысқа жетесіз;
Бала — сүю-тыныштық; ойнаса — сәттілік, шешесімен бақытты болу, ұру — жеңіске жету , өлсе — қуанышты хабар;
Бала емізу — болған кісі болдым демес, байсалды болыңыз;
Балаларды ойнату — жетістік;
Балгер сәлемдессе — көз салма біреудің бермесіне;
Балкон — егерде балконда қорқып тұрсаңыз, сіз қуанышқа кенелесіз. Түсіңізде балконнан кіріп жатсаңыз тілегіңіздің орындалғаны;
Балта — егер түсіңізде балтаны аспанға қарай лақтырсаңыз — мұндай түс көргеннің басына қайғының келгені.
Балта — шабу — келіспеушілік; жұмыс — табыс; жоғалту — қуаныш; сабы сынса — садақа бер;
Балшық — түсіңізде аяғыңызбен балшық илеп жатсаңыз — сізді біреулер орынсыз жазғырады, жақсы істерге басшы боласыз, молшылық.
Балшықпен бір затты істеу — тастап кеткен ісін жандандыру;
Балық аулау — байлыққа тап болмақ, балықтың екеуін көру — жарыңызды алдап жүрсіз, байқаңыз;
Бамбук — жеңгетайлықтан сақтаныңыз;
Банан — сақ болуды ұмытпаңыз;
Барабан алып жүру — намыссыз, арсыз шабармансыз;
Баржада жүзу — байлық;
Бармақ бүгу — игілікті істі игеру;
Барокамерада жату — мамандықты қайта өзгерту;
Барымта жасау — арамзалық;
Бархыт — түсіңізде бархыттан тігілген киім кисеңіз — даңқыңыз артып, ісіңіз сәтті болады;
Бас — үлкен — сәттілік; бөлінсе, кесілсе — құрмет, қалың шаш — үлкен құрмет, байлық; кішірейсе — тұғырдан таю; жуу — еңбек, табыс; шаш алынса — сәтсіздік; шаш ұзарса — байлыққа жету, өмірдің ұзаруы, басқалардың күйзелуі; таз — ақымақтық; шаш түсуі — қарыздан құтылуы, қуанышпен байлыққа жету; ақ шашты — бұл түс сіздің жақын арада үлкен, жоғарғы лауазымды кісілермен кездесетініңді хабардар етуде.
Баспалдақтан төмен түсу — жайсыздық;
Баспалдақ — егерде баспалдақпен түсіңізде жоғары шығып бара жатсаңыз — қызметіңіз өседі;
Бастығыңмен дастархандас болу — бір бәлеге ұрыну;
Басыңа қонған бүркітті көру — бақыт, қуаныш;
Басшыға қарсы сөйлеу — әурешілік, ұрыс — керіс, қызметтен кетесіз;
Бата алу — игіліктің ерте кеші жоқ;
Бата беру — жаманға жалынба, адамға табынба;
Батбақ сасық болса — ақша;
Бұлақ — түсіңізде бұлақ суынан өз сәулеңізді көрсеңіз — сәттілік;
Бұлақ бастауынан су — мақсаттың орындалғаны;
Бәйтеректі көлеңкелеу — беделдің артуы;
Бейітте от жақсаңыз — жақын адам өледі;
Бейіттегі жазуларды оқу — көп жақсы достарға кездесу;
Бекет — мақсатқа жету. Беймазалықтан азат болу;
Бекіре (балық) — табыс, отбасыңызға перзент келеді;
Бел ағашпен су тасысаңыз — аброй, даңқ, береке, ырыс, несібе мол болады;
Белдік — қатты тартылса — мақсаттың орындалуы; шұрық тесік — есепсіз байлық; бос — істің іркілуі; тастасаңыз — көп қиыншылықтан құтыласыз.
Белдік — егерде түсіңізде шүберектен белдік жасап, беліңізге байласаңыз — өлім.
Белдігіңіз қымбат тастармен безендірілсе — жақын арада үйлену тойына куә боласыз;
Белшеден батып суда тұру — дұшпан бетін қайтаратын сәті келді;
Бес атар ұстау — ұл туылады;
Бесік көрсең — дүниеге сәби келеді;
Бесікті жырмен тербету — ісің ақ, құдайың жақ болады;
Бесікте перзентің тербеліп жатса — берсең аларсың, ексең орарсың;
Бет — орташа, әдемі бет — сізге өмір сыйын тартады, қуаныш. Бетті бір қырынан көру әке-шешеңізді ренжіткеніңіз.
Бешпент — істің сәтті орамы келген кезі;
Бидай — асыл мұра, байлық;
Бие сауу — берместен аласың ақыңды;
Болат (темір) — байлық
Боран — жауыздықтан азат болу;
Борсық — мазаның кетуі;
Бос шелекті төңкеріп қою — өкініштен құтылу;
Бота — қуану;
Ботқа — түсіңізде ботқа қайнатып тұрсаңыз — өсекке қаласыз;
Бөбек — сау саламат болып, дәулетің тасып, байлық қонады деген сөз;
Бөкен — базарлық берсең сауға, ісіңде көтерілесіз;
Бөле — ләззатқа кенелу;
Бөлке нан — күтпеген тосын сыиға тап болу;
Бөрене — оңай олжа;
Бөрі — садақа беріңіңз, қиыншылыққа ұшырап барып қуанасың;
Бөстек — мақтаншақтық;
Бөшке — күтпеген қиыншылық; тесік — шығын, толық — байлық; көп — өзге ортада сыйлысыз;
Бура (түйе) — дінге ұрыну;
Бұғы — маңызды іске басшылық жасау;
Бұзау — пайдалы табысқа кезігу;
Бұлан — табыс, мейман келеді;
Бұлбұл — тойға қатысу;
Бұлт — хабар, ұтыс; қара — уайым;
Бұлттар көшсе — адалдығыңызды шек жоқ екен;
Бұлттан күн шықса — өлгенің тірілгендей қуанасыз;
Бұлаққа шомылу — жақсылық;
Бұршақ (горох) — ұтыс;
Бұрым — сапарға шығу;
Бүйе (тарантүл) — арсыздықтан өкіну;
Бүкір — түсіңізде бүкір адамды көрсеңіз — ұтыс деп біліңіз. Егерде бүкір жігіт сізге жол сілтеп тұрса — қуаныш, өз кәсібіңіз алға жылжиды;
Бүлдірген теру — өмірде сәттілік көбейер;
Бүрге — уайымның белгісі;
Бүркіт ұшып жүрсе — маңғаздану;
Бүрмелі көйлек — табыс;
Білезік — егерде қолыңыздағы білезік әдемілігімен күнде шағылысып тұрса — барлық кедергіні жақсылықпен жеңесіз;

