Кетпе/Ketpe

Развлекательный портал

БАЛАМА ТІЛЕК

Бәсеке-өмір дегенің,

Алды бол сол бір жарыстың.

Мәреден сені көрейін,

Туын тік, балам, намыстың.

Жақсыға көңіл марқайған,

Жұлдызға қолың соз, балам.

Суырыла озғын ортаңнан,

Сөнбесен отың маздаған.

Көгере берсін көсегең,

Жабысқын арман жалына.

Құлының жақсы десе мен,

Биіктей түсем тағы да.

Үмітім сенсің ертеңгі,

Сенімнің жықпа жалауын.

Өмірдің өзі өлшеулі,

Байқап біл бәрін, қарағым.

Марқайсын ата-анаң да,

Мақтансын жолдас – жораң да.

Пайдаңды тигіз адамға,

Пайдаңды тигіз қоғамға.

Көктегі жасын тәрізді,

Жарқ ете білгін, ұқтын ба ?

Тәлкекке салып әлсізді,

Бас иген өмір мықты ұлға.

Көзіннен мейрімнің нұрын көрем,

Қалпыннан өзгермегін күлімдеген.

Сұңқарсын самғауымен сүйіндірген

Тұлпарсын сын сағатта сүрінбеген.

Келесің ата дәстүр, салтын бағып,

Шаттанғын бақ жұлдызың жаркын жанып.

Күніге қуанышың Күн боп шығып,

Ілінсін қармағына Алтын балық.

балама, тилек, тілек, асаба, тамада, туған күн, туган кун, той, текст,сөзі,сөздері,создери
3.7 7 голоса
Рейтинг поста
Поделиться:
Подписаться
Уведомить о
guest
0 Комментарии
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии