...

Балғалы

Балғалы қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре бойынша, Ұлы жүздегі жалайыр тайпасынан таратылады. Жалайырдан Сырманақ Ерғазы Балғалы Қыстаулары Іле өзенінің оң жақ жағасы, Құмбасы, Құланбасы, Жуантөбе, Ақдала, Қаракөл, Аққаптал, Үшқызылжар, Жіңішке деген жерлерде орналасқан. Қапшағай, Арқарлы тауында қыстаған. Көктеу мен күзеулері Малайсары тауындағы Жаманқұдық, Тасқұдықта болды. Жаз айларында Балғалы руы Жетісу (Жоңғар) Алатауының күреңкейіне шыққан. Мал шаруашылығымен, егіншілікпен айналысқан. Егін жайлары Іледен тартылған тоған жағаларында Қазамбай, Үшқызылжар жерлерінде. Балғалыдан Құлым, Шағыр, Өгіз, Нияз-Барақ аталары тарайды. Кейбір шежірелерде Балғалы Құлым, Құлымбет деп екіге бөлінеді. Балғалы руы өзбек халқының құрамында да кездеседі. Ұраны Қабылан, таңбасы тарақ.

балгалы, улы жуз, ,, орта жуз, шежире, шежире туралы, киши жуз, дастур, текст создери
3.8 4 голоса
Рейтинг поста
Поделиться:
Подписаться
Уведомить о
guest
0 Комментарии
Старые
Новые Популярные
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии
Прокрутить вверх