Тыңда, тыңдашы әнімді
Арнадым сазымды
Тек саған
Қолдап, жүретін жаныңда
Беремін жанымды
Ұғынсаң
Күмән тумас егер жақын болсақ
Жүректегі үн
Мүлде мазаламас
Тым аз, тым аз
Сағыныш бағынбас
Берілейік сезім маңына
Жүрегіңе кілт іздеймін
Сенен үмітімді үзбеймін
Бар әлемге
Айта берем
Ғашық болдым өзіңе
Көздерімді көрдіңбе
Қарай берем
Бір өзіңе
Қосыл, әндетейік бірге
Жаңа үндестікке
Қол созып
Сенің жүрген мекеніңе
Барайық біз бірге
Жол сызып
Ұмытайық өткен қайғы мұңды
Жылытайық келер бақыт күнді
Үнсіз үнсіз аттанайық бірге
Махаббаты шексіз еліне
Үзбеймін үзбеймін
Соңғы дем қалғанша сенен
Күтемін күтемін
Сезім жылуын бір сенен
Көздерің көздерің баурап алады
Мені бірден
Ойланба кел мұнда
Ойланба кел мұнда