...

Мирас Жугунусов – Sagyndyn ba ТЕКСТ

Мен отырмын сол баяғы үйімде
Сол баяғы саған ғашық күйімде
Бұл күйімнен шығара алмай түйін де
Біз екеуміз не себепті қоштастық?
Қоштасатын болсақ неге достастық?
Қосты мекен екеумізді бос жастық?

Мезгілсіз, келіп алған қоңыр күздей
Келді уайым мені іздей, дым дегізбей
Белгісіз, жүр ме екенсің үміт үзбей
Ғашық таппай екеуміздей, дәл біздей

Қ-сы:
Сағындың ба?
Бір хабарын бер
Жаурасаң егер
Жаныма кел, алыста жүрмей бекер
Сағындың ба?
Созбай мұңыңды
Айтшы шыныңды
Жүрегіңде, сезім бар ма бұрынғы?

Көп ойландым бұл сұраққа келіп мен
Қосылмасақ кездестік біз неліктен?
Ойын ба еді бұл жай ғана еріккен?
Кету үшін келсек неге сырластық?
Күні-түні не себепті мұңдастық?
Қосты ма екен екеумізді құр жастық?

Мезгілсіз, келіп алған қоңыр күздей
Келді уайым мені іздей, дым дегізбей
Белгісіз, жүр мекенсің үміт үзбей
Ғашық таппай екеуміздей, дәл біздей

Қ-сы:
Сағындың ба?
Бір хабарын бер
Жаурасаң егер
Жаныма кел, алыста жүрмей бекер
Сағындың ба?
Созбай мұңыңды
Айтшы шыныңды
Жүрегіңде, сезім бар ма бұрынғы?

сагындын
3.4 12 голоса
Рейтинг поста
Поделиться:
Подписаться
Уведомить о
guest
0 Комментарии
Старые
Новые Популярные
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии
Прокрутить вверх