Естеліктер толы қазір қазір
Сол бейнеңді оятады
Ұмытылмас күндерді еске алып
Жас толды көзге
Кімің болды жүрген қазір?
Жылулыққа зар болды ма сенің тәнің?
Өзге жанның құшағына батып алған,
Қайдасың менің ғашығым?
Ұмытылмас сүйгенім
Неге мені сүйдірдің?
Сезіміңді сый қылдың неліктен?
Солсын дедің бе?
Сөнсін дедің бе?
Мейірімсіз мейірімдім
Неге мені сүйдірдің?
Сезіміңді сый қылдың неліктен?
Солсын дедің бе?
Сөнсін дедің бе?
Менсінбедің бе?
Керегі не жылап тұрып күлгенім
Керегі не алдамшы өмір сүргенім
Көздің жасын көл қылып ағызған сол бақыттар
Жақсы еді ғой ғашық болмай жүргенім
Амал жоқ сүйемін
Көз жасын төгемін
Сағыныш жүректе
Тыныштық бермеді
Армандап күтемін
Түсімде іздедім
Жанымды мазалап
Махаббат іздедім

