...

Бояулар мен макияж

Жақсы киінумен қатар өзіңнің сырт келбетіңді толықтырып, киіміңе үйлесіп тұратындай бояна білу де керек. Яғни сәндік бояулар жөнінде әңгіме етпекпіз.
Алдымен мына нәрсені ескерткіміз келеді. Бояулар өзіңді күтіп, дұрыс ұйықтап, ас ішуде мөлшер сақтап, таза ауада сейілдеп, күн сайын таңертеңгілік жаттығу жасап жүсең ғана, қажетті әсер бере алады.
Сәндік бояуларды қалай қолдануға болады? Ең алдымен өз бет пішініңнің ерекшелігін ескергенің жөн. Дұрыс жағылған бояу сенің келбетіңді ашып, шашың мен сырт пішініңді қайталанбастай етіп көрсетеді.
Макияж күндізгі, кешкі, іскери, мерекелік және карнавалдық бөліп бөлінеді. Сондықтан макияждың өз бейнеңе сай келетіндей табиғи болуы аса маңызды. Бұл орайда сәнге еліктеудің керегі жоқ, өйткені сырт келбетіңе қайталанбас көрік беріп, сұлулығыңды асырып, кемшілігіңді жасырып тұратын бояу ғана сәнді болмақ.

Күндізгі макияж

Таңертең үйден шығарда жеңіл ғана боянған дұрыс. Бұл сенің қоршаған ортаның жағымсыз әсерінен қорғанышың болмақ. Оны жасауға не бәрі 5-10 минут қана уақыт кетеді. Бетіңе жағылған күндізгі иіс май (крем) теріңнің барлық кемшілігін жасырады.
Егер опа жаққанды қаласаң теріңе табиғи өң беріп тұратын түсті қолдану керек. Көзіңді қанық етіп бояудың да аса қажеті жоқ. Жеңіл табиғи түсті тен жаққан жөн. Кірпікке арналған сүрме мен көз қарындаштарын тек қана оларсыз жүре алмайтын болсаң ғана пайдалан. Егер ерніңе назар аудартқың келсе, оны жиек қарындашпен анықтап сызып ал. Дұрысы жиек қарындашты қолданбай жеңіл ғана жылтыр далап жағу жеткілікті.
Бетіңіздің ұшына бетке арналған далаптан көрі аздап қана қоңырқай опа жақсаңыз ол табиғи көрінеді.

Мерекелік макияж

Ең бастысы сен жарқырап тұруың керексің. Сондықтан жылтыр өң беріп тұратын бояуларды қолданғаның жөн. Эксперимент жасаудан қорықпа.
Көз. Тендер қызғылт, сары, көгілдір түсті болып, ұсақ жылтырлы болғаны дұрыс. Олар қорапта анқы жылтырап көрінгенімен қабаққа жаққанда көзге анық біліне бермейді. Қабағыңа қоңыр сызық жүргіз.
Ерін. Қызыл, күрең қызыл, сұрғылт түсті жылтыр немесе жылтырлы далап жағу керек.
Бет. Алтын түсті иіс май, қызғылт-қоңыр түсті опа, бет далабын жақсаң ол теріңе өң беріп тұрады.
Дене. Салқын металл реңді иіс майды қолдан.

Макияж жасау ережелері

Бетіңе өң беріп, тартымды етіп көрсететіндей макияж жасаудың бірнеше ережесі бар.
1. Өте жақсы, әсіресе күндізгі жарықта бетке сәндік бояу жағылады (гримделеді).
2. Макияж жасағанда 2 түрлі айна қолданылады: үлкейтіп және кішірейтіп көрсететін.
3. Сәндік бояуды тек жақсылап тазартылған бетке жағады. Бетті алдын ала сабындап жуу немесе тазартқыш лосьонмен сүрту керек.
4. Мүмкіндігінше бет терісінің сау болғаны жөн. Бетіңде түрлі жаралар болғанда (әсіресе іріңді) әдеттегі сәндік бояуды қолдануға болмайды, дұрысы бетіңнің кемшілігін жасырып қана қоймай, аурудың өршуіне жол бермейтін емдік бояуды қолданған.
5. Бояуды жағу реті:
– таза құрғақ бетке саусақ ұшымен белгілі тері түріне арналған немесе арнай макияж негізі иіс майын мұқият сіңіріп жағу керек. Майлы теріге майсыз сұйық иіс май, ал құрғақ теріге жартылай майлы иіс май жағады да, аздан соң иіс майдың артығын алып тастау үшін бетті қағаз сүрткішпен сүртеді;
– бұдан соң теріңнің түсімен үйлесетін өң беруші құралды жағамыз, өң беруші құралды (тональды иіс май) маңдайға, бетке, иекке, мұрын мен мойынға тегістеп жағады;
– беттің табиғи түсіне сай келетін бет далабын жағады. Ол беттің ұшына оның табиғи түсімен астасып кететіндей етіп арнайы қыл қаламмен не опа жағатын үлпілдекпен жағылу керек;
– қарындашпен ерінді айналдыра сызып, далап жағады;
– арнайы қарындашпен қасты сызады;
– көзге арналған қарындашпен көз қиықтарын сызып, кірпікке сүрме жағады;
– соңғы кезең бетті мұқият опалап шығу керек.

0 0 голоса
Рейтинг поста
Поделиться:
Подписаться
Уведомить о
guest
0 Комментарии
Старые
Новые Популярные
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии
Прокрутить вверх