...

Кетпе/Ketpe

Добро пожаловать на развлекательный портал Кетпе

Дұрыс тамақтану арқылы арықтау ережелері

Тамақтанудың басты ережелері

Еліміздегі Тамақтану институтының деректері бойынша еңбекке жарамды тұрғындардың төрттен бірі семіздіктен зардап шегеді екен. Ал олардың көбісі әйелдер көрінеді. Негізінен, семіздікке алып келетін себептердің бірі — шектен тыс тамақтану.

Осыған орай адамдар артық салмақтан арылу үшін ашығып та жататыны жасырын емес. Бірінші, біз не үшін тамақтанаамыз және тәбеттің не екенін ажыратып алайықшы.

Адам үнемі күш-қуат жұмсап отырады. Иә, тіпті ұйықтаған кезде де. Сол күш-қуатты қайта қалпына келтіру үшін тамақтанады. Ал тәбет – көбінесе, әдет болып келеді. Оның пайда болуына түрлі факторлар әсер етеді. Мәселең, түстенетін уақыттың жақындауы, тамақ иісін сезу немесе дайын тамақты көру.

Тіпті сіз шын мәнісінде аш болмасаңыз да, тәбетіңіздің ашылуы әбден мүмкін. Айталық түскі ас кезінде сіз сорпа мен салат жедіңіз. Бірақ дастарханда тағы тәтті торт қалды. Сізді оны жеуге итермелеп отырған аштық емес, тәбетіңіз.

Естеріңізде болсын, тамақ қорытуға ең оңтайлы уақыт: 11.00-ден 14.00-ге дейін және 16.00-ден 20.00-ге дейін.

Тамақ орнына су ішіңіз

Таңертең таңғы асты қабылдамай тұрып, жарты сағат бұрын бір стақан су ішуді әдетке айналдырыңыз. Оған бір тілім лимон салып жіберсеңіз де болады. Жалпы күнделікті шай, кофе және басқа шырындардан бөлек бір литрден кем емес су ішу ағзаға пайдалы. Ол асқорытуды жақсартып, аштық сезімін бәсеңдетеді.

Тамақтанып отырып, су ішпеңіз!

Тіпті тамақтанып болған соң, дәрігерлер шай, кофе және де басқа шырындарды ішуге тыйым салады. Себебі олар ас қорытуға арналған асқазандағы шырынды шайып, астың қорытылуына кері әсерін тигізеді.

Суды тамақтану алдында 15-30 минут бұрын ішкен абзал. Жеміс-жидек немесе көкеніспен тамақтанған соң, жарты сағаттан кейін, крахмалға бай тамақ жеген соң 120 минуттан кейін, ал тамақ мәзіріңізде ет болса, 240 минуттан соң су ішкен дұрыс.

Оған қоса, ыстық және салқын су ас қорыту үдерісін баяулататынын естеріңізге сала кетейік. Ағзаға пайдалы судың температурасы бөлме температурасымен бірдей, яғни 30-40 градус болғаны маңызды.

Ауырсаңыз, тамақ жемеңіз

Ыстығыңыз көтерілген жағдайда, сіздің тамаққа деген тәбетіңіз болды ма? Есіңізге түсіріңізші. Дәл сол уақытта сіз тамақ туралы мүлдем ойламаған шығарсыз. Сондықтан егер әлсіреп, ауырып қалсаңыз, аузыңызға тамақ тықпаламаңыз. Бұл орайда ағза аурумен күресті бастап кетеді. Егер сіз сол кезде тамақ жей бастасаңыз, ағзаңыз бар күшін ас қорытуға жұмсап, аурумен күресуді тоқтатып тастайды.

Физикалық жаттығулар мен қарқынды ой еңбегі кезінде, оған дейін және одан кейін тамақ жемеңіз

Кез-келген спортшы жаттығулар алдында 2 сағат бұрын тамақтану керектігін біледі. Тіпті екі сағаттан көп болса да жақсы. Себебі жаттығу алдында тамақ жесеңіз, ағзаңыз бар күшін асқорытуға жұмсайды Бұл жағдайда физикалық жаттығулардан келіп-кетер пайда жоқ. Бұл ереже ой еңбегіне де қатысты. Ми жұмысы энергияның 70 пайызын жұмсайтынын білесіз бе? Иә, дәл солай. Сондықтан ой еңбегімен шұғылданар алдында, одан кейін және сол үдеріс барысында тамақтан аулақ болған дұрыс.

Тіскебасар жеміс пен кептірілген жеміс-жидектерді ала жүріңіз

Егер тамақтануға уақыт таппай жатсаңыз, өзіңізбен бірге жеміс немесе кептірілген жеміс-жидектерді ала жүрген ыңғайлы. Аштық сезімі пайда болған кезінде, шоколад немесе жақын жерде орналасқан дүкеннен сатып алуға оңай, бірақ ағзаға пайдасынан гөрі зияны көбірек шоколад, тәттілерді жегенше, үйден ала шыққан жемісті пайдаланыңыз. Айта кетейік, жемістердің ішінен алмұрт пен банан — аштық сезімінен бірден арылуға көмектеседі.

Шектен тыс көп тамақ жемеңіз

Дастархан басына бір отырғанда қанша тамақ жеуге болады? Йогтардың айтуына сенсек, екі алақанға сиятындай ғана. Бір қулыққа баруға болады, үйдегі үлкен табашықтарды кішкентайға алмастырыңыз. Оптикалық тұрғыда тамақ көп болып көрінгенімен, шындығында ағзаңызға жеткілікті мөлшерде болмақ.

Тамақтанып болған соң, бірден жата қалмаңыз. Бұл ережені түсіндірмей-ақ қойса да болатын шығар. Керісінше, ішкеніміз бойымызға тарасын деп, таза ауаға шығып, баяу серуендеп қайтқан әлдеқайда пайдалы.

Дұрыс тамақтану арқылы арықтау кеңестері

Көп адамдар, арықтау үшін күін бойы тамақ жемей, аш жүреді Бұл -барып тұрған ақымақтық. Уақытыңда тамақтанбау – асқазанның жұмысын бұзады.
Дұрыс тамақтануғка және спортпен шұғылдануға дағдылаң. Ешбір жаттығу жасамай, ашығудың нәтижесі шамалы болмақ.
Ашуғу кезінде екінші және үшінші аптада өзің мақсат еткендей нәтижеге қол жеткізе алмасаң, салыңды суға салма! Себебі бірінші аптада ағза жинақталған суды жұмсайды. Одан кейінгі уақытта денедегі майлар кете бастайды. Ал май табиғатынан жеңіл. Таразы көрсеткішіне көңілің толмаса да, көлемнің кішірейгенін байқау оңай.
Қол жеткізген көрсеткішті сақта, одан артық салмақ қосудан абай бол.
Аздап, жиі тамақтанған дұрыс. Күнделікті ас мәзірін қадағала.
Қонаққа бара қалған жағдайда, диеталық аспен ғана тамақтанғаның жөн. Мәселен, жеміс-жидек, майсыз ет, салат жапырақтары.
Күніне кем дегенде 2 литр су іш.
Қант пен ұннан жасалған тамақ көлемін азайт.

дурыс тамактану аркылы арыктау ережелери, кенес, сулулык,кенестер,казакша кенестер,қазақша кеңестер,лайф хактар,пайдалы кенестер,пайдалы заттар,кыздарга кенестер,кыздарга комек
2 1 голос
Рейтинг поста
Поделиться:
Подписаться
Уведомить о
guest
0 Комментарии
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии

Наверное, вы не раз хотели узнать свою родословную или петь национальные песни, или быть может даже, по вам плачет большая сцена? Или же вы любите ходить по гостям, тогда вы здесь найдете поздравления, которые вам помогут сказать тосты без запинания. Гороскоп на каждый день, молитвы, сонник и казахская история. Вам всегда хотелось исполнить от души музыкальные композиции популярных певцов, но из-за незнания текстов этих песен вы испытываете неудобства? А может, вы входите в большое число любителей караоке? Или же вам часто хочется петь, но не всегда имеется возможность вырваться в караоке клуб? Ну а почему же не воспользоваться нашим сайтом Кетпе! Наш сайт Кетпе разработан специально для таких больших любителей как вы! Здесь вы найдете любовные истории, гороскоп, сонник, стихи, казахскую родословную, казахские приметы и запреты, молитвы на каждый день, пожелания и советы. Ведь издревле казахи знали свою родословную по семи колен. Как правило, представляет собой письменное или устное перечисление предков по прямой мужской линии. Большинство казахов может восстановить 10—25 колен предков в зависимости от рода. Так же есть тамада или асаба по казахский, для проведения торжеств и вечеринок. Для вашего же удобства мы собрали огромную подборку караоке и текстов песен, включающую в себя самых популярных и узнаваемых песен. Вам больше не нужно выезжать куда-либо или дожидаться, пока все ваши друзья соберутся вместе! Отныне вы можете устроить для себя музыкальный вечер самостоятельно и на дому! Вы больше не будете мучиться, наугад напевая свои любимые композиции, не зная точных слов. Теперь вы с лёгкостью сможете выучить множество треков, точно зная, как и о чем они поются. Наша база данных достигает огромных масштабов и хранит в себе тысячи текстов самых лучших и актуальных на все времена композиций. На нашем портале вы сможете найти содержание разных песен самых известных, а также начинающих талантливых исполнителей. С большим усердием подбираем для вас песни, и тщательно проверяем правильность содержания публикуемых текстов. Регулярно обновляем нашу базу данных текстами самых свежих треков, и внимательно следим за всеми выпускаемыми новинками. Специально разработали нашу платформу максимально функциональной, и сделали её в то же время очень простой и удобной в использовании. Благодаря таким особенностям, вы с лёгкостью сможете найти текстовое содержание любой понравившейся вам песни посредством использования поиска. Вы также можете подобрать, что-нибудь новенькое среди разделов. Мы стараемся удовлетворять все ваши запросы и оперативно устранять все проблемы, возникающие в процессе взаимодействия с нашим сайтом. Если вы вдруг не сумели найти текст необходимой вам композиции, или у вас появились какие, либо неполадки во время пользования нашей платформой, вы всегда можете обратиться к нам. Наша команда опытных специалистов тщательно изучит ваше обращение и в кратчайшие сроки исправит все неудобства. Теперь петь любимые песни гораздо легче. Оставайтесь вместе с нами и получите неограниченный и бесплатный доступ к большому сборнику текстов многочисленных песен самых популярных и талантливых исполнителей! Присоединяйтесь к нам и делитесь нашей платформой с друзьями и близкими! Проводите вечера в весёлой и непринужденной обстановке, и наслаждайтесь прекрасной атмосферой, наполненной радостью, музыкой и восточным колоритом! С нами можно связаться в социальных сетях или же по форме Контакты снизу. Спасибо дорогой друг, что уделили внимание нашему сайту, и мы вам говорим Кетпе, что означает не уходи с этого сайта.