Ойын-сауық порталы

Сұлу мүсін иесі болғысы келетіндерге 10 кеңес

Әдемі мүсін иесі болғыңыз келсе, біз ұсынған мына кеңестерді ұстанып жүріңіз:

Майлы, тәтті, ұннан жасалған тамақты өзіңіздің ас мәзірінен алып тастаңыз;
Егер Сіз бала кезіңізден ыдысыңызда түк қалдырмай жеуге үйренсеңіз, енді барлық тамақты тауысып ішпеуге тырысыңыз. Ал, нақтырақ айтқанда бұрынғы норманың тек жартысын жеп, тоюға дағдыланыңыз;
Көп қозғалып, гимнастика, дене шынықтырумен айналысыңыз, қыстың аязын сылтау ете бермей, жылырақ киініп, жаяу жүруді әдетке айналдырыңыз;
Тамақ үстінде алаңдамаңыз. Мәселен, әлеуметтік желіге тамақ ішіп отырған кезде кірмеуге тырысыңыз;
Алдыңызға қойылған тамақтың дәмі мен иісін сезінуге тырысыңыз;
Тамақты әбден шайнап барып жұтыңыз. (Кейбір ғалымдардың пікірінше, аузыңызға салған тамақты 33 рет шайнау керек екен). Жұтқан сайын азғана үзіліс жасап, сонан соң ғана қасық-шанышқыңызды қайта ұстаңыз;
Жалғыз тамақтанбауға тырысыңыз;
Тамақты ұйықтар алдында 3-4 сағат бұрын ішкеніңіз жөн;
Тамақ ішу уақытын созуға тырысыңыз. Себебі, Сіздің асқазаныңызға ас барғаны туралы сигнал миға 20 минутта ғана жетеді. Ал осы уақыт аралығында қаншама артық мөлшерде тамақ ішіп қоюға болатынын білесіз бе?
Қазақта «Таңғы асты тастама» деген даналы сөз бар. Бұл туралы ғалымдар да қазір толассыз жазуда. Ұйқыңыздан ертерек оянып, таңғы ас ішуді әдетке айналдырыңыз.

сулу мусин иеси болгысы келетиндерге кенес, кенес, сулулык,кенестер,казакша кенестер,қазақша кеңестер,лайф хактар,пайдалы кенестер,пайдалы заттар,кыздарга кенестер,кыздарга комек
0 0 дауыс
Жазба рейтингі
Достарына жібер:
Жазылу
Хабар беру
guest
0 Пікір
Inline Feedbacks
View all comments