Нұры бақыт шамының,
Әдемі әуен асыл сарының.
Өзіңсің қылықтым, жарығым,
Жарығым менің.
Көңіліңді табу –
Ол мендегі сүю заңының
Қаруым, әдемім, сұлуым,
Аруым менің.
Жарығым,
Жылуы жанымның,
Өзіңсің емі.
Chorus:
Сен күлсең, құсым,
Алатау ұшынан
Қары да еріп бастайды.
Ай көркі сенен аспайды,
Нұрын күн сендей шашпайды.
Тіпті көктемде
Гүлдері бөктердің
Қауызын сенсіз ашпайды.
Аспанда саған ұқсайды,
Сүйетінімді бәрі растайды.
Жарығым-ау,
Жанымыз жүрсін жарасып,
Бағымызға қалсын
Төрткүл дүние таласып.
Күннен күнге
Тым әдемі болып барасың-ай,
Барасың-ай.
Қырға біз барайық,
Дала гүлдерін жиып ап.
Айға да барайық,
Нұрынан ауыз тиіп ап.
Сосын кетейік те,
Еріттеп мініп бұлттарды,
Сезініп сол шақтарды,
Жаным.
Қалағаным менің осындай,
Қалмашы бұл ойға қосылмай

