Ғашықтардай әйгілі
Сүю жолы қайғылы
Соңымыздан мың аңыз ерді
Қайта оралмас сол бір күн
Қоспағаны-ау тағдырдың
Қос қалада тұрамыз енді
Бақытыма айналдың бұйырмаған
Сен бұйырмаған, бұйырмаған
Біз ол кезде бала едік
Аспаған әлі жыйырмадан
Сенсіз өмір сүруде қыйын маған
Тым қыйын маған, күйіп жанам
Бұйырмаған бақыт боп бұйыр маған
Сен бұйыр маған, бұйыр маған
Тек сен маған ұнайтындай наздана білдің
Айналды өмір көктемге
Өкпелерін бойжеткен мен бозбала күннің
Қалдырайық өткенге
Кездесуге кел, сағынсаң егер
Саған тағы сүйемін деп айтқым келеді
Бұл уақыт шебер, қалпына келер
Жараланған екі жүрек емделеді

