Ойын-сауық порталы

Гирсутизм

Денеге түктің шамадан көп шығуын, яғни жүндестікті медицинада осылай атайды. Мұндайда әйелдерге мұрт, сақал өседі, кеуделеріне, білектеріне, аяқтарына жүн қаптап кетеді. Бойжете бастаған қыздардың денелеріне де жүн шыға бастауы мүмкін. Әйелдерге сақал-мұрт шығу тұқым қуалаушылық пен эндокрит жүйелері ауруға шалдығу салдарынан болады.

Жүндестік ауруын косметикалық кабинеттерде емдейді. Сақал-мұрт өскенде әйелдерді эндокринолог пен гинеколог та қарап, тексереді.
Дені сау қыз-келіншектерде сақал-мұрт өсуін көп жағдайда электроэпиляция тәсіл жанға батпайды, тек ұзақ жүріп емделу қажет болады. Сондықтан сақал-мұрт өскен әйел оларды қылтиып шыға бастаған сайын косметикалық кабинетке келіп, токпен күйдіртіп тұруы тиіс. Эпиляциядан кейін теріде көзге көрінер-көрінбес нүктелі дақтар ғана қалады. Әр процедура 5 минуттан 30 минутқа дейін созылады.

Егер косметикалық мекемеде эпиляция жасауға мүмкіндік болмаса, онда дәріханаларда рецептісіз сатылатын депиляторий дейтін преператты қолдануға болады. Оның құрамында түктің үстіңгі қабатын құртатын (күйдіретін) химиялық зат бар. Алайда бұл дәрі уақытша ғана әсер етеді. Депиляториймен емделген сақал-мұрт 3-4 аптада қайтадан өсіп шығады.

0 0 дауыс
Жазба рейтингі
Достарына жібер:
Жазылу
Хабар беру
guest
0 Пікір
Inline Feedbacks
View all comments