Индира Расылхан – Жас қайың
Әні: А.Кенжебекова
Сөзі: М.Мақатаев
Жапырақ жүрек, жас қайың,
Жанымды айырбастайын
Сен адам бола бастасаң
Мен кайың бола бастайын,
Келісемісің, жас қайың?
Көрінер мүмкін кімге ерсі,
Өміріңді маған бір берші,
Дүрбелең мына дүниені
Қайын көзімен бір көрші.
Қайың боп мен де бағайын,
Орманнан орным табайын,
Беймәлім маған өмірге
Қайын көзіммен қарайын.
Сен дағы жерден нәр алдың,
Мен дағы жерден нәр алдым,
Біреуден сен де жаралдың,
Біреуден мен де жаралдым.
Тілі жоқ жансыз қайынсың
Айырмашылығым адаммын.
Сондықтан ұзақ жасарсың
Құрдасы келер заманның.
Мендегі бары бір жүрек,
Ол өлсе мәңгі кеткенім.
Сендегі семсе мың жүрек,
Келгенде жасыл көктемің
Тірілер қайта дүркіреп.
Бар жоғы менде бір жүрек,
Беріпті жүрек саған мың,
Сондықтан ұзақ жасарсың
Құрдасы келер заманның.
Жапырақ жүрек, жас қайың
Жанымызды айырбастайық.
Адам боп тұрсаң қасқайып,
Қайын боп тұрам қасқайып,
Келісемісің жас қайың – 4 рет
Тәуекел айырбастайын.
Өмірге өмір жалғасып,
Аламыз жерге жармасып,
Бірде адам бірде қайың боп,
Сүрейік өмір алмасып.