Кабинетте отыру – ымыраға келе алмау;
Кагор ішу – қызметте өсу;
Казак – орыс әскері – қауіп төніп тұрғаны;
Капуста пісірсең – өсек, турасаң – сағыныш, шірігі – қапалы уақыт;
Коньон – ұлы мақсатқа қол жеткізу;
Картоп қазу – салымды ауыз сақтағанды жейді;
Картоп – ақша – береке
Кәмпит – қонақ келеді, несібе артады;
Кәрі кісілер – сәттілік;
Кәріптас ( Янтарь) – бақыт, байлық;
Кәуап (шашлык) жесе – басшылардың сыияпатына ие болмақ;
Кебеже – байлық, ашық – береке, жабық – сәттілік;
Кездеме өлшеу – үйлену тойға қатысу;
Кезек- түбі жеңіске жетесіз;
Кекілік – мезгілсіз қонақ;
Кеме – сенім, ақша; міну – күтпеген сыйлық; бату – туыстарыңыздан жақсылық болмауынан сақтаныңыз, жүзу – сәтті жұмыс;
Кемпірқосақ – ұнамды хабар, жолыңыз ашылады;
Кене – түсіңізде үстіңізге кене жабысып тұрса – ауру, бақытсыздыққа тап болу;
Кенені отқа тастасаңыз – аурудан айығасыз;
Кептер – той, үйлену, қуаныш хабары, ұшырсаң – кімнің отын отасаң соның суын ішесің – берекелі жанұя боласың;
Кептірілген жемістер – қайын жұртпен байланысың жоқ, өкінесіз;
Керней (труба) тазалық, ақталу;
Керуен – байлық;
Кереует – көмек келеді, шайқалып тұрса – еңбегіңіз еш кетіп, беделіңіздің кете бастағаны;
Керімсал жел – қуанышты хабар;
Кесе – сізді қауіптен қорғауда;
Кесене көру – қажылыққа бару;
Кесіртке – қызғаныш;
Киіз қалпақ – мұратқа жету;
Киіз ұлтарақ – берекелі болмақ;
Киік (сайгак) – көп малға ие болмақ;
Коллонада жүру – дұшпанның назары пәс болмақ;
Концертке қатысу – қадірінен айырылу;
Конькимен сырғанау – күнәдан пәк болу;
Корабль – билік, қожалық ету;
Космос сәулелері – қолы ұзын, сөзі өтімді болу;
Костюм – ер кісі көрсе, ақша, табыс, той, сәтті хабар, жолыңыз болады; әйел кісі – көңілденесіз, жыртық – ешкімді алдамаңыз;
Көбелек – сайқы-мазақ, ұстасаң -әділдік, ұшып кетсе-жамандықтан құтылу;
Көбік – түсіңізде ағын суда көбік көрсеңіз – тұрақсыз махаббат. Ал, қазаннан көбік алып тастасаңыз- ойнас сөзіне себеңіз;
Көже – істегі сәттілік , қанағаттанасыз;
Көжек – тұрақсыздыққа ұрыну;
Көз – бетсіз, әдемі – жақсылыққа бет бұру, қисық – мақсатыңызды айқындау; қиғаш – ақшада сәттілік; үлкен – абырой артады; сүрме жақсыңыз – байлыққа жетесіз; аңду – бәсекелес; артық – адасады; соқыр – мұқтаждықтан құтлады; белгісіз – кіріптарлықтан құтылу;
Көйлек – ақ – шексіз қуаныш; жасыл – сапар; қызғылт – сыйлық; қара түс –
Көкек – түсіңізде сайраған көкекті көрсеңіз – өкініш, барлық ісіңіз кері кетеді. Біріқ сәттілікті ұмытпаған жөн;
Көкжал – шығын. Әурегершілікке тап келумен жеңіс, сәттілік сіздікі;
Көк құтан – қызметіңіздегі жайсыздық;
Көкте ұшу – мұратқа жету;
Көл – жүзсең – байлық; құласаң – қауіп; шомылсаң – қуанасың; тасыса – кешігіп келген мақсат; тасқын ортасында болса – жағдайың жақсарады; бетінде жүрген, жүзген – жауына мерейі үстем болады;
Көлеңке – өсек, өтірікшілерден сақтаныңыз, бөтен – кедергі;
Көмір – ақша, қаражат алу;
Көң – байлық;
Көп ақша алу – өмір жасыңыз ұзақ болмақ;
Көпір – өту – қауіптен құтылу, сынық – ақша жоғалту, түсіңізде өтіп келе жатқан көпірдің тақтайы көтерілсе – бұл түс өлім хабаршысы; Көпірден өтіп кетсең – туысы бірге жетпейді, түбі бір кетпейді;
Көр – ісіңдегі кедергі жойылады;
Көр қазу – қызғаныш;
Көрпе – жамылсаңыз – ауру; ашсаңыз – қиыншылықтан арылу; күнге жаю – үй ішіндегі сәттілік, қымбат – ерлі зайыптының бақыты; жасыл – сапарға шығу дайындал . Қара – реніш.
Көсеу – түсіңде от жанбай тұрған ошақта көсеу тұрса – ұрыс. Егер де көсеу есік алдында жатса – сіздің қонақ жайлығыңыз біреулерді қызғандырады;
Көш – көпшілік құрметінің бақытына бөлену;
Көше – үлкен бақыт;
Көшет отырғызсаңыз – сәттілік, еңбек ете беріңіз;
Күл – жаңа жұмысыңыз табыс әкеледі; шашу – көптен күткен мақсатыңыз орындалады; жұмысқа қолдану – ескі ажырасқан достармен сәтті табысу;
Күлу – өзіңізге риза емессіз;
Күмбез – сізді құрмет күтіп тұр, сіздің адал ақ пейіліңізге;
Күміс – сәттілік, табыс, қызметіңізде жұмысыңызда жақсылық. Өмірдің барлық сәтін ұтыпсыз – құтты болсын;
Күн – сіз күтпеген бақыт, байлық. Жаңа қызмет күтуде;
Күрек – табыс көзі;
Күріш – ақша, көп болса – ақша көп;
Күріш алқабын суарса -кісі сізге – ақша береді
Кілем – сатып алсаңыз – ақша аласыз; үстінен жүрсеңіз – даңқыңыз артады, берсеңіз – шығын; сатып алсаңыз – билік қолда;
Кілт – жаңа істің көзі, махаббатта жолыңыз болады;
Кірпік – ұзын – сәттілік, қысқа – өкініш; кесу – жолдан адасу; үсті – құпияны ашу;
Кірпіш – табыс;
Кітап бастырып шығару – мақсат орындалады. Қуанышқа ортақ достар көп болсын;
Кітап – түсіңізде ұстап тұрған кітаптың мұқабасы қалың болса – бұл түс жұрттың алдында абыройыңызды арттырады. Егерде кітаптың бір – екі парағы жыртылса – өзіңіз көпке жағымдысыз. Ал, түсіңізде кітап қақ айрылғанын көрсеңіз – үлкен істерге мұрындық болады.
Кімде-кім түсінде кітабын жоғалтып жүрсе, құпия сыры ашылмақ;