...

Келдібай

Келдібай қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре бойынша, Кіші жүз құрамындағы шөмекей тайпасының бозғыл руынан таратылады. Келдібай руынан Сейін (Үсейін), Қожагелді, Келмембет (Әлдеберлі, Сарғасқа) аталары өрбиді. Орынбор генерал-губернаторы князь Г.С. Волконскийдің 1803 жылғы жазбаларында Келдібайдан шыққан Кетебай би, Қареп батыр, Әйтілес би, Жәрімбет билердің есімдері кездеседі. Сейіннен Қашқаралы, Қосай, Дөсек, Бекет туған. Қожагелді аталығы Әнет, Бейімбет, Тыныс болып үшке бөлінеді. Кіші жүз хандығын нығайтуға Арыстанбай Айбасұлы батыр, Бостан би Кемел ұлы, Қошқымбай батырлар үлес қосқан. Келмембет Әлдеберлі, кейін Сарғасқа атауын алған. Сарғасқа руы өсіп-өнген ұрпақтардың баласы ретінде аталып келеді, Сарғасқадан Есбол, Метей, Өтебай, Құдайқұл тарайды. Ұраны дөйт, таңбасы +.

келдибай, улы жуз, ,, орта жуз, шежире, шежире туралы, киши жуз, дастур, текст создери
5 1 голос
Рейтинг поста
Поделиться:
Подписаться
Уведомить о
guest
0 Комментарии
Старые
Новые Популярные
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии
Прокрутить вверх