...

КЕРДЕРІ

КЕРДЕРІ

Ұраны Қожахмет, таңбасы тостаған:
Кіші жүз құрамына кірген ежелгі рулардың бірі Кердері руы. Кезінде Якуп «Кердер Хорезм аймағындағы немесе оның түріктер аймағымен шекарадағы жер» деп жазған. Осы көрсетуді негізге ала отырып, П. И. Лерх пен Н. И. Веселовский, ал содан соң С. П. Толстов та Кердер деген жерді онда ғұнкидариттердің мекендеуімен байланыстырады және қазақтың Кердері руы атауында кидариттер этнонимі сақталып қалған деп біледі.
Бұл пікірді олар Масудидің ғұздардың, қарлұқтардың және басқа тайпалардың арасында наукерде тайпасы айтылатын төрт түрік тайпасымен күресі туралы деректерімен тиянақтайды, ал мұндағы нау иранша «жаңа», керд«қала» терминінің негізі. X ғасырда Арал теңізі Кердері теңізі деп аталған. Оң жағалаудағы Хорезм жағы да Кердері делінген; нақ сонда екі кердері қаласы болған. С. П. Толстов басшылық еткен Хорезм археологиялық этнографиялық экспедициясының жұмысы барысында Оңтүстік Арал өңірінен осы қалалардың Жанкент деп аталған біреуі табылып, аршылды, бұл «Наукердтің жаңа қаласы» дегенді білдіретін. Қарақалпақтардың фольклорлық материалдарында мүйтен тайпасына кірген кердерлі руы аталады. Сірә, қазақтың кердері руы қарақалпақтың кердерлі руымен туыс және соңғылары сияқты Арал өңірінен шыққан болуы ықтимал.
Кердері руының таңбасы (Левшин, Мейер бойынша), (Тынышбаев бойынша) белгісі болып табылады, ел арасынан жиналған деректер олардың таңбасы 0 деп көрсетеді. Таңбалардың бейнеленуінде айырмашылықтар бар сияқты болып көрінгеніне қарамастан, тұтас алғанда олар өте жақын. Кердері руының ұраны Хожахмед (Тынышбаев бойынша), Қожахмет (Аманжолов бойынша).
киши жуз, кердери, кердерилер, үйсін, уйсин, ұлы жүз, улы жуз, уйсиндер, ,
3.8 4 голоса
Рейтинг поста
Поделиться:
Подписаться
Уведомить о
guest
0 Комментарии
Старые
Новые Популярные
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии
Прокрутить вверх