Ойын-сауық порталы

КЕТЕ
Кете – Қазақ халқының құрылымындағы Кіші жүз құрамындағы Әлімұлы (қаракесек) тарауына кіретін ру. Негізінен Сыр өңірі мен Ақтөбе облысында орналасқан.
Кете руы туралы алғашқы деректер 12 ғасырдан бері белгілі. Қидандарға бағынып, 1120 ж. Елюй-Даши басшылығымен, Қарахандар әулеті мемлекетіне қарсы жорыққа қатысқан 18 тайпаның бірі кити делінген. М.Н. Галкин түрікмендердің гоклан тайпасында кета, Н.Н. Аристов башқұрттарда кете руы кездесетінін айтады. Қазақ ғалымы Ә.Нұрмағамбетұлы: “Қырғыз халқының батырлар жырында ұшырасатын “кете” сөзінің мағынасы – қымбат та асыл мата атауын білдіреді, тунгус-маньчжур тілдерінде “кэтэ” – көп ұғымында айтылады”, дейді. М.Тевкелевтің “Қазақ халқының тарихынан материалдар” атты еңбегінде: “Қашқардан оңт.-батысқа қарай Алай тауының шығыс жақ бөлігін қазіргі уақытта қырғыздың қаракесек және төйт рулары мекендейді. Олар ерте кезден бірге тұрады және өздерінің әңгімелеріне қарағанда – бірге туған туыстар”, – делінген. Кете руы Ақкете және Қаракете тармақтарына бөлінеді. Ақкетеден Әжібай би, Арал батыр, Қармыс батыр, Болпыш би, Ебескі, Алтай батырлар, Шернияз ақын тараған. Ал Қаракетеден Ешнияз сал, Кете Жүсіп, Тұрмағамбет, Омар, Сүйіндік пен Сүйкімбай, Алдашбай, Қуанышбай ақындар, Тоқтаболат, Алтай, Бестібай, Бекмырза, Тұңғышбай, Тайшық, Есетбай билер, Қарақисық, Текей батырлар шыққан. Кете руы Қазан төңкерісіне дейін Қазалы, Перовскі, Ақтөбе, Қлбішін уезі, Темір уезі, Гурьев уезі, Бөкей ордасын қоныстанған. Ұраны – Майлыбай, таңбасы – П, Х
Рудың таңба белгілеріне зерттеушілер назар аудармаған: ол Левшинде де, Гродековта да, Тынышбаевта да жоқ. «Қазақ ССР тарихы жөніндегі материалдарда» ғана ру тармағы қаракетенің таңбасы келтірілген. Ел арасынан жинаған мәліметтер кете руының таңбасын анықтауға мүмкіндік берді. Егер бұл белгілі ру тармағы қаракетенің екінші белгісімен салыстырсақ, біз олардың бірдей және тек түрліше орналасқан айқыш сызықты таңба екенін көреміз.

кете, кетелер, үйсін, уйсин, ұлы жүз, улы жуз, уйсиндер, он сегізінші ғасыр, он сегизинши гасыр, он тогызыншы гасыр, оң тоғызыншы ғасыр, орта жуз, орта жүз, ру, тайпа, шежире, шежире туралы, шежіре, дәстүр, дастур, текст,сөзі,сөздері,создери
0 0 дауыс
Жазба рейтингі
Достарына жібер:
Жазылу
Хабар беру
guest
0 Пікір
Inline Feedbacks
View all comments