Ойын-сауық порталы

ТӨРТҚАРА

ТӨРТҚАРА
Ұраны Айыртау
Төртқара руы туралы да біз бірінші рет А. Тевкелевтің деректерінен білеміз. Сонан соң бұл ру А. Левшинде айтылады. Барлық деректерге қарағанда неғұрлым соңғы кезеңде Төртқара руы Кіші жүздің Әлімұлы ру бірлестігінің құрамында үнемі кездесіп отырады. Рудың таңбасы (Гродеков, Мейер, Аманжолов бойынша) және ~\~ |— (Тынышбаев бойынша); ұраны «Алдияр» (Гродеков бойынша) және «Айыртау» (біздің мәліметтеріміз бойынша).
Бұл рудың шыққан тегі туралы мәселеге қайтып орала отырып, осының алдындағы сияқты Төртқара руының да жақында (ерте дегенде XVI-XVII ғғ.) пайда болғанын және біздіңше, оның негізгі көпшілігі әлдебір белгісіз себептермен найман тайпасынан (матай руынан) бөлініп шыққан тәрізді, өйткені оның құрамында да төртқара бөлімшесі бар. Рудың бір бөлігінің керей тайпасынан шыққаны күмәнсіз, оның таңбасы олардың таңбасымен бірдей. Басқа, неғұрлым ұсақ компоненттерінің болуы да ықтимал.

торткара, торткаралар, үйсін, уйсин, ұлы жүз, улы жуз, уйсиндер, он сегізінші ғасыр, он сегизинши гасыр, он тогызыншы гасыр, оң тоғызыншы ғасыр, орта жуз, орта жүз, ру, тайпа, шежире, шежире туралы, шежіре, дәстүр, дастур, текст,сөзі,сөздері,создери
0 0 дауыс
Жазба рейтингі
Достарына жібер:
Жазылу
Хабар беру
guest
0 Пікір
Inline Feedbacks
View all comments