...

Кетпе/Ketpe

Добро пожаловать на развлекательный портал Кетпе

Көпшілікке арналған баталар

Көпшілікке арналған баталар

Жарылқа, алла, қабыл ет,
Жарылқаудың қамын ет!
Ізет абырой, бақ, дәулет,
Қызыр қарап, бақ қонып,
Не тілесең,
Соның бәрін қабыл ет!
Әумин.

***

Күнің шуақты болсын,
Көлің суатты болсын!
Қонысың өрісті болсын,
Еккенің жемісті,
Еңбегің кейісті болсын!
Жұлдызың ағаңда болсын,
Құндызың жағаңда болсын!
Жарың жібектей болсын!
Арың түлектей болсын!
Өнерің өрлей берсін,
Өмірің төрлей берсін!
Әумин.

***

Жас баланың күлкісін бер,
Жас ананың ұйқысын бер.
Жомарттың қолын бер,
Жортқыштың жолын бер!
Қыздың қылығын бер,
Судың тұнығын бер,
Асаудың арынын бер,
Түнгі оттың жарығын бер.
Асқар таудың паңдығын бер,
Бұлбұл құстың таңғы үнін бер.
Даланың жазықтығын бер,
Гүлдің нәзіктігін бер!
Қыранның көрегендігін бер.
Ердің көңілін бер,
Бүркіттің өлімін бер!
Лашынның жүрегін бер!
Нағыз достың тілегін бер!
Мәңгі-бақи ажырамас
Шын ғашықтың білегін бер!
Әумин.

***

Далақтатар даудан сақта,
Жалақтаған жаудан сақта!
Ашыққан бөріден сақта!
Ашынған ұрыдан сақта!
Қара жердің көрінен сақта!
Дауылдың кәрінен сақта!
Жыланның зәрінен сақта!
Аяқ астынан кезігер –
Бәле-жаланың бәрінен сақта!
Әумин.

***

Уа, жаратқан, жарылқа,
Бақ-дәулетін аумас қыл!
Жарылқағанмен жалғас қыл:
Ала ауызды алмас қыл,
Қорғанғаннан қалыс қыл!
Ниеттері ақ болсын,
Бейнеттері пәк болсын,
Мұраттарын асыл қыл!
Қолқасын шаң қаппасын,
Жүрген жерін жасыл қыл!
Әумин.

***

Бір Алла панасын берсін,
Панасын берсе, баласын берсін.
Баласын берсе, данасын берсін.
Оны қимаса, қарасын берсін.
Бір құдай бар қылсын;
Малы жоқты бай қылсын,
Төрт түлігін сай қылсын:
Оңын – күн, солын – ай қылсын,
Ғайып ерен, қырық шілтен;
Екі дүниеде шапағат етсін,
Осы тілегім аллаға жетсін!
Әумин.

***

Бір құдайым оңдасын!
Оң жолына бастасын!
Үйіңді түрлі апаттан,
Құса-қайғыдан сақтасын,
Үміт артқан ұл-қызың,
Ел сенімін ақтасын!
Әумин.

***

Бақытың дәулетіңмен таса берсін,
Дұшпаның қырдан үркіп қаша берсін.
Бата сол бізден сізге, рахмет жауып,
Құдайым маңдайыңды аша берсін.
Әумин.

***

Ғайбат сөзден сақта,
Мезгілсіз өлімнен сақта,
Кеудемсоқ келіннен сақта
Татымсыз тұздан сақта,
Арсыз қыздан сақта.
Қайырымсыз зордан сақта
Жаңбырсыз жаздан сақта
Ғұмыр берсең, жайлы бер,
Дәулет берсең қайырлы бер,
Әйелді сүйікті ғып бер,
Қыз берсең қылықты ғып бер.
Келіннің келістісін бер,
Ат берсең желістісін бер.
Тірімізге талап бер,
Өлімізге жұмақ бер.
Осы тілегімді бөлмей-жармай
Үйіп төгіп бір-ақ бер!
Әумин.

***

Жаңбырсыз жаздан сақта,
Жапа шеккен аздан сақта.
Қасиетсіз кектен сақта.
Кегін қуған көптен сақта.
Бұлттың аласынан сақта,
Жаудың жаласынан сақта.
Елдің бәлесінен сақта
Дос болып, қас болғаннан сақта,
Күле кіріп күңіренгеннен сақта.
Береке дуа асыңнан кетпесін.
Бақыт, дәулет басыңнан кетпесін.
Қыдыр қасыңнан кетпесін.
Жортқанда жолың болсын!
Жолдасың қыдыр болсын!
Әумин.

***

Я, тәңірім, жарылқа,
Жарылқағанның ішінде ет.
Түгел пәледен аман ет,
Сақтағайсың сәлемет.
Кешкі тілеуін зарықтырма.
Аузы қанды бөріден сақта,
Қолы қанды ұрыңнан сақта.
Күле кіріп, күңірене шыққаннан сақта,
Төрде отырып мекіренгеннен сақта.
Басыңа бақыт беріп,
Бұл дүниеде жиғаның болсын.
Ол дүниеде иманың болсын.
Әумин.

***

Әуелі Алла оңдасын,
Пайғамбар болсын жолдасың,
Өткендерді ойласам
Аруақтар қолдасын.
Сыртыңнан ғайбат айтқан жан,
Тап өзіңдей болмасын.
Ризығың, дәулетің қолыңнан кетпесін,
Иманың жерге жетпесін.
Қайырлы ғып дәулет берсін,
Өмірлі ғып перзент берсін.
Анам деп есіне алған жанды
Екі жалғанда қорғаушы боп,
Пайғамбар қасына алсын.
Әумин.

***
Әумин десең бізге,
Біз бата берелік сізге!
Жасың жетсін жүзге,
Желің кетсін жүзге,
Желің кетсін құла түзге!
Мен мен басты,
Иман мен жасты
Қабат бермейді екен деп,
Тәңірден күдер үзбе.
Әумин.

***

Құдай пейіл тарылтпасын,
Қуаныштан арылтпасын,
Халқым ешбір қамықпасын,
Қасиеті шарықтасын.
Әумин.

***

Жақсымен жанасып жүр,
Жарлыға қарап жүр.
Шалқудың шамасын біл,
Ақ-қараның арасын біл.
Әумин.

***

Дастарқаныңнан дәм кетпесін,
Көңіліңнен сән кетпесін.
Ұрпақ, ұлыс аман болып,
Өміріңнен мән кетпесін.
Әумин.

***

Атаңның иықтысы бол,
Анаңның сүйіктісі бол.
Халқыңа қадірі асқан,
Мәртебесі биік кісі бол.
Әумин.

***

Құрдасыңа – қуаныш бол,
Сырласыңа – сынық бол,
Жылағанға жұбаныш бол,
Туысыңа тұнық бол.
Татулыққа – тамаша бол,
Ықыласқа – иық бол,
Ана алдында аласа бол,
Ар алдында биік бол.
Әумин.

***

Ақылың ассын,
Ықыласың тассын,
Балаң үбірлі болсын,
Қызың шүбірлі болсын,
Жақының көп болсын,
Дұшпаның жоқ болсын.
Жақсы келсін қасыңа,
Нұр жаусын басыңа.
Көшің көлікті болсын,
Қонысың түлікті болсын.
Қатулықтан аулақ бол,
Татулыққа жақын бол.
Дәуренің сәнді болсын,
Ғұмырың мәнді болсын,
Таңың азанды болсын,
Үйің қазанды болсын,
Шаңырағың шат құйылсын,
Дастарқаныңа жұрт жиылсын,
Әумин.

***

Талмайтын талап берсін,
Самғайтын қанат берсін.
Баянды бақыт берсін,
Ұзақ ғұмыр, тұрлаулы уақыт берсін.
Әумин.

***
Бақ келіп қонып басыңа
Көңілің көлдей шалқысын.
Пейіліңе тойған қонағың,
Ішпей-жемей балқысын.
Әумин.

***
Асын, асын, асыңа,
Бақыт қонсын басыңа!
Таң мезгілі болғанда,
Бөденедей жорғалап,
Қырғауылдай қорғалап,
Қызыр келсін қасыңа!
Денсаулығың зор болсын,
Дастарқаның мол болсын!
Қайда барсаң алдыңда,
Жарқыраған жол болсын!
Армандарың алдыңнан
Саған шығып жол берсін!
Дұшпаның саған құл болсын,
Үйің толған ұл болсын!
Әумин.

***

Әумин десең маған,
Құдай берсін саған!
Оң жағыңа қарасаң,
Алтыннан терек орнасын!
Сол жағыңа қарасаң,
Күмістен терек орнасын!
Еш жамандық болмасын!
Аман болсын мал-басың!
Қызыр болсын жолдасың!
Дастарқан байлығын берсін,
Деніңнің саулығын берсін!
Әумин.

***

Бастарыңа бақ берсін,
Не берсе де нақ берсін!
Қырда жүрген Қызырды
Үйлеріңе ап келсін!
Қарындарың тоқ болсын,
Шүпірлеген үйіңде
Балаларың көп болсын!
Әумин.

***

Жаз келіп көңілің жай болсын,
Көргенің шаттық той болсын!
Абзал досың көп той болсын!
Берген батам сол болсын!
Әумин.

***

Абырой бер, аман сақта,
Оттан, судан сақта.
Тілсіз жаудан сақта
Күле кіріп
Күңірене шыққан дұшпаннан сақта.
Жаман әйелден сақта,
Дос болып, қас болғаннан сақта,
Арманнан жиналған кәдеден сақта.
Желіккен жеңгеден сақта,
Пәле әкелер теңгеден сақта,
Қыдыр қолдасын,
Басыңа бақыт орнасын.
Әумин.

***

Азамат туы ар болар,
Әділдік соған нәр болар.
Жадыңа тұтсаң осыны –
Жақсылық саған жар болар.
Досыңа құшақ жайғанның
Қасының жолы тар болар.
Тілектен қазына жиғанның
Ошағы, орны бар болар.
Ошақта отың маздасын,
Орныңнан ор қазбасын.
Әумин.

***

Атаның наласынан сақтасын,
Баланың шаласынан сақтасын,
Ағайынның аласынан сақтасын,
Жамандардың жаласынан сақтасын.
Әумин.

***

Берекеміз қашпасын,
Белімізді ешкім баспасын,
Адал жан болып астасың,
Арыңды күлдей шашпасын.
Бақыт болса бастасың;
Мейманың, сірә, таспасын.
Тірлікте түзу жол тапсаң,
Тәңірім берер басқасын.
Әумин.

***

Қуаныштың тұрағы бол,
Ұлан істің бұлағы бол.
Мерекенің құрағы бол,
Мейірімнің шырағы бол.
Сабырлықтың сыңары бол,
Пәк үлгінің шынары бол.
Туырлықтың тұмары бол,
Тұлғалы ұлттың құмары бол.
Әумин.

***

Басшының ноқайынан сақтасын,
Қоңсының қоқайынан сақтасын.
Қалыпты білмегеннен сақтасын,
Халықты тілдегеннен сақтасын.
Әдепті аттағаннан сақтасын.
Намысты таптағаннан сақтасын.
Тіліңді күрмегеннен сақтасын,
Діліңді білмегеннен сақтасын.
Әумин.

***

Құдайдың өзі сөйтіп оңдасын!
Бес жүз саулық қоздасын,
Сексен інген боталап,
Сегіз келін қомдасын:
Айдап келген жылқыңнан,
Алпыс айғыр азынасын:
Жиып келген түйеңнен
Жетпіс інген боздасын:
Өзіңнен байлық озбасын!
Ағайынның жарлысы
Бөтен жаққа тозбасын:
Жанкүшіктің биесін берсін.
Жансүгірдің түйесін берсін,
Нұржанның ойын берсін
Кім жақсы болса, соның ойын берсін:
Сол малыңа ие берсін,
Арғы өткен ата-бабаңа тие берсін.
Әумин.

***

Жүзге жетсін түйеңіз,
Үш жүз болсын биеңіз.
Қолыңнан келгенше,
Жығылғанды көтеріп,
Сүрінгенді сүйеңіз.
Тарығып келген адамға
Бермек отқа күйеміз
Бергенді тым-ақ сүйеміз,
Жомарттық қылған жандарға,
Әр жерлерде жар болсын
Бір жасаған иеміз.
Әумин.

***

Қабыл болсын Мұстажан,
Осы құдай жолыңыз,
Мал мен басың тең өсіп,
Халықтың алды болыңыз!
Шалқар көлдей көп болсын,
Қымыз бенен айраның,
Айдағысыз малды бол,
Ағайынның алды бол,
Отыз ұлды орда бол,
Оманжұрттың басы бол!
Әумин.

***

Болшыл, болшыл, болшыл бол,
Бозторғайдай төлшіл бол.
Адам таппас сөзді бол,
Ор қояндай көзді бол.
Бұрма темір, сом алтын
Суға салса батпасын.
Тәңір берген несібең,
Тепкілесе кетпесін.
Желіңніңо шеті мен бұ шетіне
Оқ шырқаса жетпесін.
Қастық қылған адамың,
Мұратына жетпесін.
Айтса-қарғыс, тисе-көз
Дарымасын, өтпесін!
Әумин.

***

Жарылқа, тәңірім, қабыл ет.
Жарылқаудың қамын ет.
Бай ет, мамыр ет.
Батамды мұстажап ет!
Тәңірден не тілесе, соны әзір ет!
Бұған Назар, Сәнкебайдың малы мен басын бер,
Ұрпағына хакім Лұқпанның жасын бер!
Әумин.

***

Әумин десең, міне, бата.
Төріңде жорғаласын Қыдыр ата.
Қайда жүрсең жолың болсын,
Жолдасың Қыдыр болсын!
Қайырлы ғып дәулет берсін,
Өмірлі ғып перзент берсін.
Ол көрген перзентіңе
Лұқпан хакімнің жасын берсін,
Қыдыр бабамның басын берсін.
Көре алмаушы пендең болса,
Қорғаушың алла болсын,
Не тілеген тілегіңді қабыл алғасын,
Қабылдағанын нәсіп алмасын.
Қайда жүрсең аман-есен жолың болсын.
Жол иесі Қамбар-ау,
Шаршасам сіздей кім бар-ау?
Жол үстінен баға жүр,
Әр пәледен қаға жүр.
Әумин.

***

Ару болсын алғаның
Аман болсын мал-жаның.
Басыңа бас қосылсын.
Тойы жағып қалжаның.
Ақылмен шаруа бақ,
Істің ойлап әр жағын.
Мақсатыңа жетпекке
Маңдайдан төк маржаның.
Самғауын ал сұңқардың,
Жасын алмай қарғаның.
Қысылғанға қол беріп,
Қысқа жіпті жалғағың.
Опық жерсін, босқа өтіп,
Опасыз бұл жалғаның.
Әумин.

тилектер,тілектер,казакша,куттыктаулар,құттықтаулар,қазақша,копшиликке арналган баталар,жалпы
4.8 4 голоса
Рейтинг поста
Поделиться:
Подписаться
Уведомить о
guest
0 Комментарии
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии

Наверное, вы не раз хотели узнать свою родословную или петь национальные песни, или быть может даже, по вам плачет большая сцена? Или же вы любите ходить по гостям, тогда вы здесь найдете поздравления, которые вам помогут сказать тосты без запинания. Гороскоп на каждый день, молитвы, сонник и казахская история. Вам всегда хотелось исполнить от души музыкальные композиции популярных певцов, но из-за незнания текстов этих песен вы испытываете неудобства? А может, вы входите в большое число любителей караоке? Или же вам часто хочется петь, но не всегда имеется возможность вырваться в караоке клуб? Ну а почему же не воспользоваться нашим сайтом Кетпе! Наш сайт Кетпе разработан специально для таких больших любителей как вы! Здесь вы найдете любовные истории, гороскоп, сонник, стихи, казахскую родословную, казахские приметы и запреты, молитвы на каждый день, пожелания и советы. Ведь издревле казахи знали свою родословную по семи колен. Как правило, представляет собой письменное или устное перечисление предков по прямой мужской линии. Большинство казахов может восстановить 10—25 колен предков в зависимости от рода. Так же есть тамада или асаба по казахский, для проведения торжеств и вечеринок. Для вашего же удобства мы собрали огромную подборку караоке и текстов песен, включающую в себя самых популярных и узнаваемых песен. Вам больше не нужно выезжать куда-либо или дожидаться, пока все ваши друзья соберутся вместе! Отныне вы можете устроить для себя музыкальный вечер самостоятельно и на дому! Вы больше не будете мучиться, наугад напевая свои любимые композиции, не зная точных слов. Теперь вы с лёгкостью сможете выучить множество треков, точно зная, как и о чем они поются. Наша база данных достигает огромных масштабов и хранит в себе тысячи текстов самых лучших и актуальных на все времена композиций. На нашем портале вы сможете найти содержание разных песен самых известных, а также начинающих талантливых исполнителей. С большим усердием подбираем для вас песни, и тщательно проверяем правильность содержания публикуемых текстов. Регулярно обновляем нашу базу данных текстами самых свежих треков, и внимательно следим за всеми выпускаемыми новинками. Специально разработали нашу платформу максимально функциональной, и сделали её в то же время очень простой и удобной в использовании. Благодаря таким особенностям, вы с лёгкостью сможете найти текстовое содержание любой понравившейся вам песни посредством использования поиска. Вы также можете подобрать, что-нибудь новенькое среди разделов. Мы стараемся удовлетворять все ваши запросы и оперативно устранять все проблемы, возникающие в процессе взаимодействия с нашим сайтом. Если вы вдруг не сумели найти текст необходимой вам композиции, или у вас появились какие, либо неполадки во время пользования нашей платформой, вы всегда можете обратиться к нам. Наша команда опытных специалистов тщательно изучит ваше обращение и в кратчайшие сроки исправит все неудобства. Теперь петь любимые песни гораздо легче. Оставайтесь вместе с нами и получите неограниченный и бесплатный доступ к большому сборнику текстов многочисленных песен самых популярных и талантливых исполнителей! Присоединяйтесь к нам и делитесь нашей платформой с друзьями и близкими! Проводите вечера в весёлой и непринужденной обстановке, и наслаждайтесь прекрасной атмосферой, наполненной радостью, музыкой и восточным колоритом! С нами можно связаться в социальных сетях или же по форме Контакты снизу. Спасибо дорогой друг, что уделили внимание нашему сайту, и мы вам говорим Кетпе, что означает не уходи с этого сайта.