Көшебе қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре бойынша, Орта жүздегі керей тайпасынан тарайды. К. үлкен К., құрама К., жалайыр К. болып бөлінеді. К. руы жанкөрпе, жазы, жомарт, жаған, жадай, жауғашты, жұмат, жәдігер, жандарбек, жантелі, жанкелді, жарқынбек, жақыпбек, жанәбіл, жанат аталарына таратылады. Ұраны Ошыбай, таңбасы ашамай. Әдеб.: Сүлейменов Т., Сегіз сері, А., 1991; Әбуталиев Н., Шоқ жұлдыз, А., 1998.
Подписаться
0 Комментарии
Старые