Мәдина Сәдуақасова – Кешікпей келем деп ең
Әнің Жазған: Шәмші Қалдаяқов,
Сөзің жазған: Мұхтар Шаханов
Аңсаған бақытым сияқтанып,
Ай туып келеді қияқтанып.
Жол жаққа қараймын,
Сен жоқсың, арайлым.
Кешікпей келем деп ең,
Мен тұрмын елеңдеумен.
Қайтемін кіналап бұған сені,
Сағатың алдаған шығар сені.
Нұр ойнап көзіңде,
Уәделі кезіңде
Кешікпей келем деп ең,
Мен тұрмын елеңдеумен.
Көшеде сырласып шалқып басып,
Құрбылар барады қолтықтасып.
Тағатым таусылды,
Аңсадым даусыңды.
Кешікпей келем деп ең,
Мен тұрмын елеңдеумен.
Сəлеметсіздер ме?Мұхтар ағаның Кешікпей келем деп ең əннің сөзін жазу тарихын айтып жібересіздер ме өтініш
Кешікпей келем деп ең əнінің сөзінің шығу тарихын жазып жібересіздер ме өтініш
Ан ага деген кино бар, сол кино ишинде бар шыгар.