МАХАББАТ

Жастықтың шамы — махаббат,

Бақыттың дәмі- махаббат.

Сүюдің ұрса киесі,

Жанарлар өтер боталап.

Махаббат — мәңгі таусылмас,

Мүскінге мойын ол бұрмас.

Жүрекпен адал сүйгендер

Сезімнің гүлін солдырмас.

Махаббат — асыл гауһар тас,

Махаббат жыры таусылмас.

Жалын боп жанған ғашықтар

Бір-бірін жолда қалдырмас.

Жүректің нәрі- махаббат,

Сыйластық сәні- махаббат.

Тірлікке тірек болатын,

Өмірдің мәні — махаббат!

махаббат, сезим, сезім, асаба,тамада,сози,текст,сойлеу,тилектер,тосттар,айту
Прокрутить вверх