ҒАШЫҒЫМА

Бұйығы тартқан қалпым бар,

Болған соң саған шан ғашық.

Сен барда — жаным жарқылдар,

Жоқ болсаң -қалар мұң басып.

Сұрама оның себебін,

Сыры бар жұмбақ, астарлы.

Жарқырап тұрар әдемі,

Жұлдызы сенсің аспанның,

Жетпек боп қолды созамын,

Алыстай берер шоқ жұлдыз.

Жүрекпен жырды жазамын,

“Бақытың — дейді- сол бір қыз”.

Ойларға батқан кезімде,

Үздігем қара көзіңе.

Бөлейтін іңкәр сезімге,

Бақыттың кілті өзіңде!

гашыгыма, ғашығыма, сезим, сезім, махаббат, асаба,тамада,сози,текст,сойлеу,тилектер,тосттар,айту
Прокрутить вверх