Ойын-сауық порталы

БАЛАМА ТІЛЕК

Алла барын ұмытпағын, жарығым,

Дос пейілін қабағынан танығын.

Ата-анасын сыйламаған -ақымақ,

Ешкімге де жасай алмас қайырым.

Ар аттама,

Иманыңды кірлетпе,

Жексұрын боп жетті атаңды тілдетпе.

Ары таза, арманы асқақ азамат,

Бөленеді қошемет пен құрметке.

“Құдай деген – құр қалмады”, ұқ – мәнін,

Ақиқаттың ақ жолынан шықпағын.

Аруақтарды шығармасаң жадыңнан,

Онда, қалқам, кісілікті ұққаның.

асаба, тамада, мектеп бітіру, мектеп битиру, түлек, тулек, балама, балам, текст,сөзі,сөздері,создери
0 0 дауыс
Жазба рейтингі
Достарына жібер:
Жазылу
Хабар беру
guest
0 Пікір
Inline Feedbacks
View all comments