...

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы мен Әбубәкір Дивайдың батасы

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы мен Әбубәкір Диваевтың жиғандарынан

Ә, Құдайым, жарылқа,
Жарылқасаң малды қыл.
Біткен жұрттың алды қыл.
Бұған қастық қылғанның
Малын алып жарлы қыл.

***

Ә, Құдайым, басыңа ала берсін,
Мал мен басты толтырып және берсін.
Саған қас қылған дұшпанды
Табанының астына сала берсін.

***

Ә, Құдайым, ондасын,
Мың саулығың қоздасын.
Сексен түйең боталап.
Сегіз келін қомдасын.
Тіленшінің биесін берсін,
Үйсін мен Қоңыраттың түйесін берсін.
Біткен әруақ бәріне тие берсін.

***

Асың, асың, асыңа
Береке берсін басыңа.
Бөденедей жорғалап,
Қырғауылдай жорғалап,
Қыдыр келсін қасыңа.
Осы тұрған боз үйге
Қыдыр-Ата дарысын,
Бәйбішесі боз үйдің
Он екі құрсақ көтеріп,
Ауылға көзі жарысын.
Оқ жіберсе жетпесін,
Тәңір берген несібең
Тепкілесе кетпесін.
Әркезде байлық кетпесін.

***

Әуелі Құдай жарылқасын,
Пайғамбардың берекетін берсін,
Әбубәкір Сыдықтың салауатын берсін,
Әділ Омардың айбатын берсін.
Әзіреті Оспанның ұятын берсін,
Әзіреті Әлінің куатын берсін.
Ибраһим пайғамбардың малын берсін,
Әкім Ұлықманның жасын берсін.
Әкім Сүлейменнің тақтын берсін.
Ескендір Зұлқарнайынның бақытын берсін.
Атымтай Жомарттың даңқын берсін,
Дәуіт пайғамбардың отыз ұлын берсін,
Ұл берсе, оразды берсін,
Қыз берсе, қылықты берсін.
Жасы ұзын болсын,
Жүзі қызыл болсын.

***

Айғырың оңды келсін,
Қошқарың жүнді келсін.
Қызың пұлды келсін,
Ұлың құнды келсін.
Дәулетің зияда болсын,
Дұшпаның пияда болсын.
Ұлың ұяда болсын,
Қызың қияда болсын.

***

Адам жаласынан,
Бұлт аласынан,
Көрінер-көрінбес
Мың да бір пәлесінен
Патша Құдайым өзі сақтасын!
Мұсылманға дін үйреткен,
Әлімдердің саламаттығына!
Халық қамын жеген,
Қарқарадай хандардың Саламаттығына!
Ел қамын жеген,
Едігедей билердің Саламаттығына!
Өз еңбегін өзі жеген,
“Құдая шүкір, тәубе”, деген
Қара бұқара халықтың саламаттығына!
Халқын, жұртын, қаны бірге ұлттын
Ілгері бастырамын деген,
Еңіреген ерлердің саламаттығына!
Қой орнына ат берген,
Атымтайдай Жомарттың саламаттығына!
Баяғыда тойға жасанып келген сұлу қыз,
Үйіне қартайып кемпір болып оралсын.
Қара пейіл байларды: ұшынған сорпа,
Қағынған ет есепті қылсын!

***

Молдаларға қол берген,
Көрпе салып төр берген,
Уызы арылмаған байлардың
Саламаттығына!
Халқы, халайығы қостаған,
Орнықты саба ұстаған,
Бәйбішелер саламаттығына!

***

Тақыр жерде — тайғақ бар,
Тәңірім одан сақтасын
Бату жерде — бәле бар,
Машайық одан сақтасын,
Шұңқыр жерде — сайтан бар,
Сақтаушы онан сақтасын.
Ойнақтаған оң қолың,
Ақ білекте қарыссын.
Қимылдаған екі аяқ,
Табанында қарыссын.
Аузыңдағы отыз тіс,
Таңдайында қарыссын,
Құдай қосқан қосағың
Біргелесіп қарыссын.

***

Малыңызға, басыңызға
Берекет берсін.
Саған қас сағынғанға
Алақұла әрекет берсін.
Көктен жаудырсын,
Жерден өндірсін!

***

Кигенің кір болмасын.
Мандайың тер болмасын,
Алла ойында тұрсын,
Бұл оқылған аяттар Ай болсын,
Сегіз пейіш ортасында
Көңілің жай болсын!
Іргенекті аралап дау жетпесін,
Елінді аралап жау жетпесін.
Сізге бәле сағынғанның
Өз басынан кетпесін…
Байдың көңілі жай болсын,
Мың жылқылы бай болсын,
Айдағаның қой болсын.
Шайнағаның май болсын.
Азын-аулақ дәулетің
Күнде үйінде той болсын.
Жұртта қалған “жырымың”
Домалап келіп қой болсын.
Жұртта қалған тулағың
Тулап келіп тай болсын.
Тай болсын да туласын,
Бір тамырың сұрасын,
Сұраса да бермесін!

***

Атың-атың ату бол,
Ағайынмен тату бол.
Жаз кигенің құлпы бол,
Қыс кигеннің түлкі бол.
Бағаналы таудай бол,
Шағалалы көлдей бол.

***

Үстіңнен қаз қаңқылдап өтпесін,
Бұрама темір, сом алтын,
Суға салсаң, батпасын,
Тәңір берген несібең
Тепкілесең, кетпесін.
Желіңнің бір шетіне
Оқ шырқасаң, жетпесін,
Сенен байлық өтпесін.
Есігіңнің алдынан
Елу інген боздасын,
Қораңнан бес жүз саулық қоздасын.
Қойшыңды мақтап салғайсың,
Күн бұлт жауын жауғанда,
Адырлы жерге жайғанда,
Қойынан айырылып қалмасын.
Қасқырға қойын бермесін.

Сөйтіп құдай ондасын,
Жылқың сенің мың болсын,
Жылкы деген жақсы мал,
Бес аулыңа бақтырып,
Бес айдыннан суартып
Бетегелі тауға жаба сал,
Сиырың сенің мың болсын,
Қысың қатты болғанда
Қамысты жерге айдап сал,
Бисмилла Аллаһу әкбар!

тилектер,тілектер,казакша,куттыктаулар,құттықтаулар,қазақша,Машхур Жусип Копейулы мен абубакир Дивайдын батасы
3.5 2 голоса
Рейтинг поста
Поделиться:
Подписаться
Уведомить о
guest
0 Комментарии
Старые
Новые Популярные
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии
Прокрутить вверх