Ойын-сауық порталы

МАСҚАР

МАСҚАР
Ұраны Қаратай.
Тарихи әдебиетте Масқар руының да шыққан тегі беймәлім. Біздің ол туралы ғылыми ізденістеріміздің бәрі ешнәрсе бермеді деуге болады. Біз дон қойған бірден бір дерек мынадай. Батыс Монғолия халықтарының арасында хотондар (дорбет тайпасының бір бөлігі) тұрған. А. Н. Самойлович оларды түріктер деп санаған. Хотондардың өздері де өздерін түріктер деп санайды. Потанин жазып алған хотондардың жеті руының арасында масқар руы кездеседі. Осы түрік руының бір бөлігі батысқа кетіп, сонан соң өз атымен қазақ халқының құрамына қосылуы әбден мүмкін. Масқар руында қырықсадақ бөлімшесі бар. Қарақалпақтар тайпасының кендеклі руы, өзбек локайлар бөлімшесі және шанышқылы тайпасының бір руы да (Ұлы жүз) дәл солай аталады.
Масқар руының, Кеппен пайымдағандай, үш емес, құтты қадам және масақ деген екі тармағы бар. Рудың таңбасы (Левшин, Гродеков, Мейер бойынша). Ұраны «Қаратай» (Тынышбаев бойынша); Кеппен «Майлыбай» деп атайды, бірақ бұл дұрыс емес.

маскар, маскарлар, үйсін, уйсин, ұлы жүз, улы жуз, уйсиндер, он сегізінші ғасыр, он сегизинши гасыр, он тогызыншы гасыр, оң тоғызыншы ғасыр, орта жуз, орта жүз, ру, тайпа, шежире, шежире туралы, шежіре, дәстүр, дастур, текст,сөзі,сөздері,создери
0 0 дауыс
Жазба рейтингі
Достарына жібер:
Жазылу
Хабар беру
guest
1 Пікір
ескі
жаңа көп дауыс жинағандар
Inline Feedbacks
View all comments
Масқар Құрман Райым
Масқар Құрман Райым
2 ай бұрын

12 ата Байұлы Сұлтансиық Масқар Ақанай Қаратай Жүндібай Құрман Райым Тәттібай Бөрібай Тәжібек Меңдіқұл Қоңқаш Нәсиполла Қадіржан-Әділжан, Әлижан, Ғаділжан.