Ойын-сауық порталы

Найманбайұлы Әсеттің батасы

Найманбайұлы Әсеттің батасы

Ал, батамды берейін,
Арта берсін мерейің.
Қойға толып өрісің,
Алшы түссін кенейің.
Құлын-тайың шұрқырап,
Тассын бағың, мерейің!
Басыңа бұлт қонбасын,
Өмір гүлің солмасын!
Төбеңе күн ұялап,
Тірлігіңді ондасын!
Қиындыққа қайыспа
Арың болсын жолдасың!
Ел бастасаң батыр боп,
Жаппар ием қолдасын!
Дұшпандарың жер шұқып,
Сағы сынып сорласын!
Судай тасып дәулетің,
Еш жамандық болмасын!..

тилектер,тілектер,казакша,куттыктаулар,құттықтаулар,қазақша,Найманбайулы асеттин батасы
0 0 дауыс
Жазба рейтингі
Достарына жібер:
Жазылу
Хабар беру
guest
0 Пікір
Inline Feedbacks
View all comments