Ойын-сауық порталы

Төле бидің батасы

Төле бидің батасы

Атасызға ата бол!
Батасызға бата бол!
Арып-ашқан қаріптің,
Жел жағына жота бол!
Панасызға пана бол,
Кек сақтамас бала бол!
Дос сүйініп, қас сыйлар,
Асу бермес дана бол!

***

Аллаға жағайын десең,
Азанды бол, балам!
Халықка жағайын десең
Қазанды бол, балам!

***

Төле бидей қартыңның
Аппақ сүттей сақалы.
Сабалақтай баланың
Оң болса екен сапары,
Мол болса екен қатары.
Сегіз қиыр, шартарап,
Кең жайылсын атағы.
Елдің үлы бола біл,
Еліңе ақыл сала біл.
Алла ісің оңғарсын,
Жұрттың қамын толғарсың,
Ақ білектің күшімен,
Ақ найзаның ұшымен,
Жалпақ жатқан байтақты
Жан аямай қорғарсың.
Пана болып халқыңа,
Көз қырын сал салтыңа,
Адал жүріп қызмет қыл,
Қарай көрме, қайырылып,
Жолда жатса алтынға,
Дүние бұзар адамды,
Байлығыңа мақтанып
Босқа алқып-шалқыма.
Қанша аспандап кетсең де
Сен баласың халқыңа!
Сақалымның ағында,
Өлерімнің шағында,
Бердім осы батамды,
Балам, маған налыма.
Дәулетің мен бақытың
Жетсін жеті ұрпаққа —
Пешенеге берген секілді.
Алтын ерлі ақ боз ат
Астында сенің арысын.
Қолаң шашты, қой кәзді,
Алғаның бірге жасасын.

тилектер,тілектер,казакша,куттыктаулар,құттықтаулар,қазақша,толе бидин батасы
4 2 дауыс
Жазба рейтингі
Достарына жібер:
Жазылу
Хабар беру
guest
1 Пікір
ескі
жаңа көп дауыс жинағандар
Inline Feedbacks
View all comments
Есімім
Есімім
2 күн бұрын

Талдау жасап бере алсыздарма төле бидің батасына

Last edited 2 күн бұрын by Есімім