Ойын-сауық порталы

Соқыр Абыздың Қошқарұлы Жәнібекке берген батасы

Соқыр Абыздың батасы

Қаракерей Соқыр Абыздың Қошқарұлы Жәнібекке берген батасы:

Белдеуің беліндегі байлаулы болсын,
Қазаның ошақтағы қайнаулы болсын.
Есігің ашық болсын,
Қабагың жазық болсын,
Сонда ағайының кетпес қасыңнан.
Жақыныңа бұрмай торелігінді түзу бер,
Сонда қаумалаған халқын кетпес қасыңнан.
Олжа кездессе, жолдасыңа бөліп бер,
Сонда қаумалаған халқын кетпес қасыңнан.
Олжа кездессе, жолдасыңа бөліп бер,
Сонда қаумалаған досың кетпес қасыңнан,
Осы үшеуі кетпесе қасыңнан,
Бақытың кетпес басыңнан!

— дегенде әкесі берген ішікті Абыздың иығына қаусыра жапқанда қайыра берген батасы:

Адалдық пейіл менен санаң болсын,
Әуелі сыйынғаның — панаң болсын.
Төрт бақыт, жеті байлық жолдас дейтін,
Осының барлығы да саған қонсын.
Жүрегіңнің басы на иман толып,
Аузында хақтың сөзі тобан болсын.

— Жаңағы сіз айткан “жеті байлық ” не нәрсе еді? — депті Жәнібек:

Абыз:
Әуелгі байлық — денсаулық,
Екінші байлық — еркіндік,
Үшінші байлық — тіл байлық,
Төртінші байлық — қайрат-күш,
Бесінші байлық — ақ жаулық,
Алтыншы байлық — балаңыз,
Жетінші байлық — жүз саулық.

тилектер,тілектер,казакша,куттыктаулар,құттықтаулар,қазақша,Сокыр Абыздын кошкарулы Жанибекке берген батасы
0 0 дауыс
Жазба рейтингі
Достарына жібер:
Жазылу
Хабар беру
guest
0 Пікір
Inline Feedbacks
View all comments