...

Нұрлан Албан – Ойжайлау ТЕКСТ

Нұрлан Албан – Ойжайлау
Сөзі:К.Әзірбаев
Әні:К.Әзірбаев

1. Ойжайлау, шөбің шүйгін, суың дәрі
Болады халқыменен ақын сәні, Ойжайлау-ай!
Берейін әнге шырқап ортаңызда
Жиналған елім-жұртым, жас пен кәрі, Ойжайлау-ай!

Қ-сы:
Ақ шәйнек, сары самаурын тұрса қайнап
Отырса қыз-бозбала күліп-ойнап
Киінген қызғалдақтай қыз-келіншек
Сапырса сары қымыз құлап-ойнап
Қуарған қара ағаштай қақиғанша
Жас шақты өткізелік гүлдеп, жайнап, Ойжайлау-ай!

2. Ойжайлау ата қоныс көп Дулатқа
Ат пен тон жарасады азаматқа, Ойжайлау-ай!
Айтысып қыз-бозбала, қырын басып
Серуендеп тамаша еткен жастық шақты, Ойжайлау-ай!

Қ-сы:
Ақ шәйнек, сары самаурын тұрс қайнап
Отырса қыз-бозбала күліп-ойнап
Киінген қызғалдақтай қыз-келіншек
Сапырса сары қымыз құлап-ойнап
Қуарған қара ағаштай қақиғанша
Жас шақты өткізелік гүлдеп, жайнап, Ойжайлау-ай!

Ақ бүрлен, қызыл бүрлен, бүрлен, бүрлен,
Бүрленді аралайды жолын білген
Қамшыны екі бүктеп қолға ұстап
Қызығы бұл дүниеде ойнап-күлген, Ойжайлау-ай!

,, нурлан албан
3.7 9 голоса
Рейтинг поста
Поделиться:
Подписаться
Уведомить о
guest
0 Комментарии
Старые
Новые Популярные
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии
Прокрутить вверх