Ойын-сауық порталы

Оқушы әңгімесі

Менің әңгімем былай басталған.
Мен 8 кл оқып жүрген кезім. Ал ол кезде 7 кл оқитын А есімді бала бар еді. Екеуміздің үйге баратын жолымыз бір еді. Жол бойы әңгімелесіп, шүйіркелесіп баратынбыз. Бірде қыстың бір күнінде А және оның досы екеуі біздің класка келді. Біз сол күні қардан фигура жасаған едік. 4-5 қыз бар класта жылынып отырғанбыз. А өзі тұйықтау бала болатын, ал досы сөзшең еді. (А менен 1 кл төмен оқыса да, ол менен 1 ай үлкен болатын). Сүйтіп олар бәріміз 1-ші күні әңгімелестік. Ал 2-ші күні солардың класында ойын ойнадық. 3-ші күні ол маған сезімін білдірді. Мен келіспеген, бірақ кыздар күштеп болмаған соң, иә дей салдым. Ол мені үйіме дейін шығарып салды. Арамыз алыс болатын. Себебі, мен қатты ұялатынмын. Ол маған ұнамайтын. Мен онымен 1 апта жүріп тастап кеттім. Арамызда құшақтасу да болып көрген жоқ. Бірақ мен оны тастап кеткеннен кейін ол менің жиі түсіме ренжулі болып кіретін. Кейін қалай екенін білмеймін, оны жақсы көріп қалдым. 9 кл болатын. Күз. Ол маған агентте жүрейікші деді мен келістім. Ол мені кездесуге шақыратын, мен сабақтан қашып кете алмайтындықтан бармайтынмын. Сүйтіп ақыры ұрысып қалдық. Сосын маған бірнеше рет сөз салды. Мен бас тарттым. 10 кл күзінде тағы да айтты. Біз жүрдік. Қысқа дейін кездесуге мүмкіндік болмады. Қыста екеуміз кездесетінбіз. Қимай қимай әрең қоштасатынбыз. Ол бірақ осы жылы колледжге кетті. Екеуміз айырылыстық. Бірақ вк да сөйлесіп тұрамыз. Оны қатты сағындым. Ол сені күтемін дейді. Не істесем болады?

окушы ангимеси,казакша махаббат хикаялары,қазақша махаббат хикаялары,махаббат жайлы ангимелер,романтикалык хикаялар,романтикалық хикаялар,гашыктар ангимеси,жылататын хикаялар
0 0 дауыс
Жазба рейтингі
Достарына жібер:
Жазылу
Хабар беру
guest
0 Пікір
Inline Feedbacks
View all comments