...

Кетпе/Ketpe

Добро пожаловать на развлекательный портал Кетпе

Қала жігітіне алданған ауыл қызының хикаясы

Мектепті ауылдан бітіріп, үлкен қалаға оқуға түстім. Қалада туысқандарымыз болмағандықтан, пәтер жалдауға тура келді. Пәтерақыны ауылдағы ата-анам ай сайын салып тұрды, ал мен шәкіртақыма күн көріп жаттым. Осындай күндердің бірінде сабақтан келе жатсам, жаныма бір ақ джип тоқтайды. Джиптан сымбатты бір аққұба жігіт басын шығарып: “Қарындас, қайда барасыз? Жеткізіп тастайын” деді таза қазақша. Мұндай көріністі кинодан ғана көрген мен бейбақ не істерімді білмей тұрып қалдым. Өзім қарапайым отбасыдан шыққанмын, бір жағынан өмірімде осындай қымбат көлікке мініп көрейін деп ойладым. Біздің таныстығымыз осылай басталды.

Оның есімі Нұрғожа екен. Алматыда 2 қабатты үлкен коттеджде ата-анасы, қарындасы төртеуі тұратынын айтты. Шынымды айтсам, ертегі әлеміне тап болғандай болдым. Ешқашан мұншалықты бай жігітке жолығам деп ойламаппын. Нұрғожамен кездесуіміз жиілей берді. Ақшаны уыстап ұстайтын десем, артық айтқаным емес. Қазір ойлап қарасам, әр кездесуімізде айтатын сөзі – байлық туралы болыпты. Ауылдан келген қарапайым студент қыздың бәрін саралауға енді ғана ақылы жетіп отырған жайы бар. Аузым ашылып, әңгімесін тыңдай беретінмін. Келе-келе ол мені қатты қадірлейтінін айта бастады. Өйткені оның сөзімен айтсақ, “мен сияқты қыз бүкіл әлемде жоқ”. Басты себеп – өздеріңіз де түсініп отырғандай, менің жігіт атаулысымен жақындаспағаным. Ал мен оның тәтті сөздеріне сене бастадым. Оны көрген құрбыларым: “сені пайдаланып кеткісі келіп жүр” дегенде, ешкімге құлақ аспайтынмын. Сол кезде құрбыларым шырылдап, “мені құтқарғысы келген екен-ау” деп қазір ғана ойланамын. Амал қанша, оның әрбір сөзіне құлай сеніп, еш күмән келтірмедім. Оның үстіне ол суреттен ғана көрсететін 2 қабатты зәулім үйде келін боп жүргенім елестегенде, қуанышым қойныма сыймайтын.

Бір күні жазда, екеуміз қыдырып жүрдік. Ол маған: “сен тазамын дейсің, бірақ мен оған сенбеймін”, – деді. Мен шошып кетіп: “қайдағы жоқты айтпашы” дегенімде, ол: “мүлдем сенбеймін айтқан сөзіңе, басқа да жігіттермен жүргенде, олар қарап отырды дейсің бе?” деді. Оның алдында мектеп қабырғасында екі жігітім болғанын айтқанмын. Ол кезде жігітпен жақындаспақ түгілі, қолұстасып жүргенге мәз боласың ғой. Мен жыларман болдым. Тіпті, көзімнен жас шығып кетті. Бұл кезде мен оны қатты сүйіп қалған едім. Қалайша ол менің адалдығыма сенбейді? Оған не айтсам да, ол: “мүмкін емес” деумен болды. “Бір ғана жағдайда сенем саған, маған пәк екеніңді дәлелде” деді сосын. Міне, ол мені осылайша қармаққа түсірді. Қазір ойлап отырсам, ол маған бұл сөздің бәрін қасақана айтқан екен. Ал мен аңқау аузым ашылып, оның торына оңай түсіп қалыппын.

Осылайша қыз күніммен қоштастым. Болары болып, бояуы сіңген соң, оның қонақүй бөлмесіндегі айнаға қарап тұрып: “мен қандай мықтымын!” дегені есімде… Сол күнді иттің етінен жек көрем! Бұдан кейін оның хабарласуы сирей берді. Бір апта жоқ болып кететінді шығарды. Осы оқиғадан кейін үш айдай уақыт өткенде поштама хат келіп тұр. Хатта оның мені сүймей қалғаны туралы жазылған. Сол күнгі күйімді сөзбен жеткізу мүмкін емес. Осыған дейін құрбыларым “ол сені алдап кетті” десе де, көңілім сенбеген. Ал хатты алған соң, кәміл сендім… Өз-өзіме қол жұмсағым келді, қайта жанымда құрбыларым болып, аман қалдым.

Қазір өз-өзімді қайта қолға алып, Астанада жақсы бір қызметте жұмыс істеп жүрген жайым бар. Басымда баспанам да бар, нағыз іскер әйел болып қалыптасып келемін. Одан кейін жігіттерден көңілім қалған, жігітім жоқ болса да, өз теңімді табатыныма сенемін. Бұл оқиғамды артымнан ерген сіңлілеріме сабақ болсын деп жазып отырмын… Аяулы қыздар, “тең – теңімен” деген рас сөз, ол мені тіпті сүймеген де. Оған қазір көзім жетіп отыр. “Сен не білем дейсің?”, “сен сөйлемеші”, “соның да орысшасын білмейсің бе?” деген сияқты сөздерді жиі айтатын. “Сен аңқаусың” дейтін сосын. Ол мені өзіне тең көрмеді, төмен санап, маған үйлену туралы ойламағаны да анық… Әлгі оқиға болардан бұрын ұзын қызыл көйлек сыйлаған 8 наурызға. Мен қуанып, “қандай әдемі!” дегенімде, ол: “Версаченің көйлегі ғой, ондайды бұрын-соңды киіп көрмеген боларсың” деген. Мен оған отбасымның қиындығы туралы айттым. Одан ақша дәмету ойымда да жоқ, жай ғана ішімдегі сырыммен бөлісетін адамым деп білдім. Сөйтсем, жігітіңе ақтарылып ештеңе айта бермеу керек екен. Нағыз жанашыр адамыңа болмаса, кейбір жігіттер қиындығыңды өз бас пайдасына жаратуға тырысады. “Қыздар жұмбақ болуы керек”, “сақтансаң, сақтаймын” деген сөздер бекер айтылмаған…

кала жигитине алданган ауыл кызынын хикаясы,казакша,махаббат,хикаялары,қазақша,жайлы,ангимелер,романтикалык,романтикалық,гашыктар,ангимеси,жылататын
3.6 5 голоса
Рейтинг поста
Поделиться:
Подписаться
Уведомить о
guest
0 Комментарии
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии

Наверное, вы не раз хотели узнать свою родословную или петь национальные песни, или быть может даже, по вам плачет большая сцена? Или же вы любите ходить по гостям, тогда вы здесь найдете поздравления, которые вам помогут сказать тосты без запинания. Гороскоп на каждый день, молитвы, сонник и казахская история. Вам всегда хотелось исполнить от души музыкальные композиции популярных певцов, но из-за незнания текстов этих песен вы испытываете неудобства? А может, вы входите в большое число любителей караоке? Или же вам часто хочется петь, но не всегда имеется возможность вырваться в караоке клуб? Ну а почему же не воспользоваться нашим сайтом Кетпе! Наш сайт Кетпе разработан специально для таких больших любителей как вы! Здесь вы найдете любовные истории, гороскоп, сонник, стихи, казахскую родословную, казахские приметы и запреты, молитвы на каждый день, пожелания и советы. Ведь издревле казахи знали свою родословную по семи колен. Как правило, представляет собой письменное или устное перечисление предков по прямой мужской линии. Большинство казахов может восстановить 10—25 колен предков в зависимости от рода. Так же есть тамада или асаба по казахский, для проведения торжеств и вечеринок. Для вашего же удобства мы собрали огромную подборку караоке и текстов песен, включающую в себя самых популярных и узнаваемых песен. Вам больше не нужно выезжать куда-либо или дожидаться, пока все ваши друзья соберутся вместе! Отныне вы можете устроить для себя музыкальный вечер самостоятельно и на дому! Вы больше не будете мучиться, наугад напевая свои любимые композиции, не зная точных слов. Теперь вы с лёгкостью сможете выучить множество треков, точно зная, как и о чем они поются. Наша база данных достигает огромных масштабов и хранит в себе тысячи текстов самых лучших и актуальных на все времена композиций. На нашем портале вы сможете найти содержание разных песен самых известных, а также начинающих талантливых исполнителей. С большим усердием подбираем для вас песни, и тщательно проверяем правильность содержания публикуемых текстов. Регулярно обновляем нашу базу данных текстами самых свежих треков, и внимательно следим за всеми выпускаемыми новинками. Специально разработали нашу платформу максимально функциональной, и сделали её в то же время очень простой и удобной в использовании. Благодаря таким особенностям, вы с лёгкостью сможете найти текстовое содержание любой понравившейся вам песни посредством использования поиска. Вы также можете подобрать, что-нибудь новенькое среди разделов. Мы стараемся удовлетворять все ваши запросы и оперативно устранять все проблемы, возникающие в процессе взаимодействия с нашим сайтом. Если вы вдруг не сумели найти текст необходимой вам композиции, или у вас появились какие, либо неполадки во время пользования нашей платформой, вы всегда можете обратиться к нам. Наша команда опытных специалистов тщательно изучит ваше обращение и в кратчайшие сроки исправит все неудобства. Теперь петь любимые песни гораздо легче. Оставайтесь вместе с нами и получите неограниченный и бесплатный доступ к большому сборнику текстов многочисленных песен самых популярных и талантливых исполнителей! Присоединяйтесь к нам и делитесь нашей платформой с друзьями и близкими! Проводите вечера в весёлой и непринужденной обстановке, и наслаждайтесь прекрасной атмосферой, наполненной радостью, музыкой и восточным колоритом! С нами можно связаться в социальных сетях или же по форме Контакты снизу. Спасибо дорогой друг, что уделили внимание нашему сайту, и мы вам говорим Кетпе, что означает не уходи с этого сайта.