...

Отырардағы той ТЕКСТ

Х. Шалабаева – Отырардағы той

Той басталды Отырарда,
Сұлу сырдың бойында.
Кеудесінде оты жанған,
Қызылқұмның қойнында.
Бұл аймақтың сұлулығын
Талай ақын толғаған,
Осындай той Отырарда
Бұрын – соңды болмаған.
Туған елім, Өскен жерім,

Асқар белім, Сенсің әнім менің
Сәнім менің. Алақанда аялаған
Арманым да өзіңсің.
Ақ тілегім аялаған,
Ардағым да өзіңсің.
Сендегі жас кәрінің де,
Қуанышы мол болсын,
Қазағымның әр үйінде
Дәл осындай той болсын.

Зіл қара жер қозғалғандай,
Палуандардай алысқан
Қызғалдақтай қыздар қандай,
Көз тартады алыстан.
Сол қыздарда Отырарда,
Жүрек отын жалғаған.
Осындай той Отырарда,
Бұрын – соңды болмаған.

Қайырмасы:
Отырардың күні бүгін,
Қайта туды жарқырап.
Жырлап жатыр ұлылығын,
Барлық аймақ, атырап.
Әнмен бірге тербетілем,
Күймен бірге толғанам.
Осындай той Отырарда,
Бұрын – соңды болмаған.

,, отырардагы той
4.4 37 голоса
Рейтинг поста
Поделиться:
Подписаться
Уведомить о
guest
0 Комментарии
Старые
Новые Популярные
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии
Прокрутить вверх