...

Өзін көпшілік ортада ұстау әдебі

ТӘРБИЕЛІ ҚЫЗДАР
Көпшілік ортада:

Ол үнемі өзінің жалғыз емес екенін есте сақтайды. Өзін өзгелерге кедерге келтірмейтіндей ұстайды.
Біреумен сөйлесіп тұрып сағыз шайнамайды.
Шайнаған сағызын жерге түкіріп тастамайды немесе үстелге, орындыққа, қабырғаға жапсырмайды.
Қарсы келген үлкен кісіге жол беріп өткізіп жібереді.
Өтіп бар жатып тайып кеткен кісіне сүйеу болады.
Қоғамдық көлікте үлкендер мен балалы әйелдерді өткізіп жібереді, оларға орын береді.
Автобустан шығарда алдындағы кісілерді итергілемей, сыпай ғана өткізіп жіберуді сұрайды.
Көліктен түсерде қарттар мен балалы әйелдерге көмектеседі.
Біреудің аяғын басып кетсе сыпайы кешірім сұрайды, ал егер өзінің аяғын басып кетсе, ашуланбайды үндемей шыдайды.
Еш уақытта өзінің назарын аударған нәрсені қолын шошайтып көрсетпейді, көзімен не ыммен көрсетеді.
Кәмтиттің немесе сағыздың қағазын т.б. заттарды жерге немесе қоқыс салғыштың сыртына лақтыра салмайды.
Көшені тек рұқсат етілген жерден не бағдаршамның жасыл түсіне кесіп өтеді.

Мұражай мен көрмеде:

Жәдігерлерді қолымен ұстамайды.
Еш уақытта айқайлап қатты күлмейді, қолын сілтемейді.

Кітапханада:

Алған кітабын уақытылы тапсырады. Бұл кітапты өзінен кейін басқалардың оқитынын үнемі есінде сақтайды. Сондықтан оның бетін бүктемейді, жыртпайды, жазбайды.
Оқу залында 1 мин. болса да қасындағылармен сыбырлап та болса сөйлеспейді.
Кітап оқып отырып ұйықтап қалмайды.

Театрда:

Спектакльдың басталуына 15-20 мин. қалғанда келеді. Сондықтан да асықпай шешініп, өзін қалыпқа келтіріп, бағдарлама сатып алып, орнына ертерек барып отыруға уақыты болады.
Өз орнына отырған кісіге қарсы қарап, бетін беріп өтеді.
Кісілерді орынан тұрып өткізіп жібереді.
Билетте көрсетілген орнына отырады, ал егер ол орын бос болмай, әрі босатудан бас тартса, ұрыспай билет тексерушіге барып жолығады.
Қойылым жүріп жатқанда сөйлемейді, тамақ жемейді, еденді аяғымен ұрмайды.
Спектакльдің соңында «бис» деп айқайламайды, өйткені әнді, ария мен биді қайталауға болатын концертте ғана «бис» деп айқайлайды. «Бис» деген әртістерден көрсетілген нәрсені қайталауды сұрау болып табылады.
Сахна жабылмай тұрып, орнынан тұрып шығып кетпейді.

озин копшиликте устау адеби
1 1 голос
Рейтинг поста
Поделиться:
Подписаться
Уведомить о
guest
0 Комментарии
Старые
Новые Популярные
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии
Прокрутить вверх