...

П

Падишах – ісіңіздің бәрі дұрыс, алайда мақтаншақтықпен игере алмай жүресіз-ау берекені;

Пайғамбарды көру – мақсатқа жету;

Палау – мол байлықтың мұрагері болу;

Палуба – мақсатың айқын екен, тезірек жету жолын қарастыр;

Пальмаға шығу – жетістікке жету;

Пальто – егерде түсіңізде пальто таза суда жатса – сіздің еңбегіңіздің жануы, береке, байлыққа жеткізеді; түсіңізде пальтоңызды біреу киіп жүрсе – өкінбеңіз, жұрт алдында абыройыңыз артады, өзіңізді жақсылыққа жетелей беріңіз; пальтоңыздың етегін өртеп алсаңыз – сіз аманатқа берген дүниеге қиянат жасағаныңыз. Тезірек қарыздан құтылған жөн;

Пальто (жаңасы) – достарыңыздың арасында құрметіңіз артады; ескісі – жеңіс, табыс; орану – мұраңыз көбейеді;

Пара – тыныш жүрген дұрыс;

Паранжы жамылса – өлімнің ауылынан алыс қонбағысыз;

Парашютпен секіру – сізге жауыздық ойлағандардың ойраны шығатын болды. Бір-ақ ешкімге айтпаңыз бұл түсті;

Парик кисе – әсемдікке құмарсыз. Байлыққа ынтықтығыңызбен барлық силастарыңызды таңқалдырып жүрсіз;

Паравоз – көпшілікке мол береке әкелушісіз, өзгеге бергеніңіз өзіңізге өзге жолмен сәттілік, береке әкеледі;

Параход – сеніміңіз мол, жұмысыңыз сәтті болады;

пайгампарды кору, пальмага шыгу, парашютпен секиру,мусылманша тус жору,сонник на казахском,тус кору,түс көрдім,тус кордим,тусимде кордим,түсімде көрдім,түс көру,тус жору деген не
0 0 голоса
Рейтинг поста
Поделиться:
Подписаться
Уведомить о
guest
0 Комментарии
Старые
Новые Популярные
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии
Прокрутить вверх