Жиырма жас-гүл дәурені қыз-жігіттің,
Қалатын бір-біріне үздігіп тым.
Жиырма-жас тау суындай тұнық кезең,
Кіршіксіз бұла шағы ізгі үміттің.
Ойқастап ат сабылтып ойдан қырға,
Жалында жас жігермен,
Сайран құр да!
Көңілің тұр ма сенің алып-ұшып,
Келмейтін екі айналып, қайран, жиырма!