1. Біздер ғашық болғанбыз сонау бір шақтарда
Көктем көңіл бұлбұлдар сайраған бақтарда
Кеудемізде балауса бал сезім гүл ашып
Аппақ арман ақ шуақ таңдарға ұласып
Өмір қандай көңілді тамаша тәтті еді
Болмаушы еді өкпе наз өкініш әттеңі
Ойда жоқта белгісіз арамыз ажырап
Махаббаттың жабырқау жабылды дәптері
Қайырмасы
Әнді қанат қы(лы)п самғармыз
Таңды таңдарға жалғармыз
Мөлдір сезімнен жаралған
Біздер бақытты жандармыз
Кеткен еді мәңгіге арамыз алыстап
Тұрсын бүгін алдымда гүл шоғын тағы ұстап
Өмір өзен сезімді толқындай шайқаған
Бөлмесе екен бұл тағдыр біздерді қайтадан